Қ А Р Ғ Ы Н

жеңемін, бір жолыққан бейтанысты ұмыту қиын емес шығар деген сенімінің табан асты күл-талқан боп, жүрегінің әлі тулап жатқанынан Бағила ол жігіттің жан түбінен берік орын алғанын, енді оны ешқашан ұмыта алмасын анық сезді. «Шынымен мен оны ұмыта алмаймын ба? – деді ол мың қайталаған сұрағына тағы оралып. – Сонда, мен оны… Жоқ, мүмкін емес, бір көргеннен қалайша құлай берілуге болады?» – Жедел жәрдем шақырайын. Сенің түрің өзгеріп кетті ғой. – Жоқ, керек емес. Қазір бәрі өте шығады. – Бұрын ауырушы ма едің? – Жоқ. – Жата тұр, қазір мұздай компресс қояйын. Ол шығып кетті. Ac үйде сабыры кетіп Сәргел жүр екен. –Қаратайдың әкесінің жүрегі ауырушы еді, ақыры содан кетті. Кез-келген кесел тұқым қуады деген рас екен ғой, – деді ол басын шайқап. – Жап-жас қыз, обал-ақ! Инфаркт деген –жауыңа да тілемейтін ауру. Ең жаманы – одан адам өмір бойы жазылмайды! –Жарайды, жарайды! – деді Мәлике зекіп. – Ол аурудың жайына талдау жаса деген кім бар, сенсіз де жақсы білеміз. Мәлике дәкесін суық суға малып, оны босаңдау сықты да, Бағила жатқан бөлмеге қайта кіріп кетті. –Компрестің қажеті жоқ, – деді қыз мүлде құлантаза дауыспен. – Менің еш жерім ауырмайды, ауырған да емес. Мәлике оның тұп-тұнық жанарына ұзақ қарап тұрды да: –Менің әйелдік түйсігім алдамаса, саған ерекше бір жағдай әсер еткен сияқты. Шыныңды айтшы, ол не? – деді мақпалдай жұмсақ үнмен. Бағила өзіне төніп тұрған Мәликенің күлімсіреген жүзіне, мейірім мен жанашырлыққа толы жанарына көз тоқтата қарады. Қараған сәтте оның бүкіл болмысынан: «Айта бер, мен сені жақсы көрем, өзіңе қалай сенсең, маған да солай сен. Мен сенің анық досыңмын», – деген ақ көңіл, адал ниетті аңғарды. Осы бір тазалық жас қыздың балапан жүрегін шымырлатып, оған деген ыстық ықыласын тасытып кеткендей болды. – Лике, – деді Бағила сыбырлап. – Мен сені жақсы көремін… Мәлике күтпеген сөзден сыңғырлай күлді. – Сондықтан осылай жатырсың ба? – Жоқ, әрине. – Енді не? – Мен… Лике, сен күлмейсің ғой? – Айтатының күлмейтін нәрсе болса мені жын ұрып кетіп пе? – Жаңа, телевизордан… мен оны көріп қалдым… – Телевизордан?! Кімді? – Сол жігітті… Мәлике кеудесін көтеріп, оған аңырая қарады. – Сол жігітті?! Ол кім? – Білмеймін… –Сур, – деді ол күрсініп. – Сен не есіңді әлі жиған жоқсың немесе менің есім ауытқи бастаған. Түсінсем бұйырмасын! Бағила оған мән-жайды түгел түсіндіріп шықты. –Демек, сен оған ғашық екенсің, – деді Мәлике ұзақ үнсіздіктен соң қорытындыға келіп. – Болады. Әсіресе, сенің жасыңда бұл жайт жиі кездеседі. –Лике, бұл

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421