Менің оған деген ықыласым ұнату деген ұғымнан терең ғой деймін. –Ой, бейшара, болған Су-ур! – деді Мәлике әзілдей күрсініп. – Сен бұл жаққа жетпей жатып-ақ, жолда ғашық боп қалған екенсің ғой… Ал, мен болсам… Ол тағы күлді. – Бә-әрі алда деп жүрмін… – Ендi қалай, көбісі өтіп кетті деп ойлайсыз ба? –Тең жартысы. Өйткені, мен осынша жасқа келіп, бір жарым ай бойы біреуді ұмыта алмастай ғашық болған емеспін. Бәлкім, кездеспеген шығар, ал, сен… Кәдімгідей аурусың. Махаббат та – ауру ғой. Ауру сияқты оның да көп белгілері бар, әсері бар, күшейіп, әлсірейтін кезеңдері бар және ең бастысы – емі бары мен емі жоғы тағы бар. Ой, суретім–ай менің, сен ұмыта алмай жатқан жігіт неткен бақытты еді десеңші! Оның орнында мен болсам… жүрегім жарылып кететін шығар. Ал, енді не істейміз? – Білмеймін. –Ғашық болуды білесің, ал не істеу керек екенін білмейсің, ә! – Ол жас баладай еркелетіп оның мұрнынан қысты. Мәлике орнынан көтеріліп, есікті ашты да, «Сэр!» – деп дауыстады. Бағила шошынғаннан ұшып тұрып, оған жетіп келді. – Лике, мұныңыз не? Оған не айтпақсыз?! –Тыныш тұр, ғашық болған сурет, – деді ол аздап бері қарай мойнын бұрып. – Қазір Сэрдің білімін тексереміз. – Сэр! Сәргел дәретханаға кіріп кеткен екен. Бірдеңе боп қалды деп үрейленді ме қарлығыңқы дауыспен «Не!» – деп оқыс үн қатты. –Сен асықпай отыра бер, Сурдың халі жақсы! Айтшы, жаңа телевизордан сөйлеген кім? Бағила Мәликені енді тоқтата алмасын біліп, креслоға бетін басып отыра кетті. –Оны қайтесің? –Сол, керек. Мен бір жерде көрген сияқтымын. – Қайдан көрдің? – Білсем сенен сұраймын ба? Қымыранның ақшасын төлемей кеткен сияқты. – Шыққасын айтайын да… –Жоқ, қазір айт. –Жасын Мәдиев. –Талантты ма? –Бұл күнде одан асқан белгілі ешкім жоқ. Өте талантты. –Ол саған ұнай ма? Шығармаларын айтам. –Мен оны оқыған жоқпын. Газеттер солай деп шулап жатады. –Сэр, құттықтаймын! Емтиханнан жақсы деген баға алдыңыз! – Ол есікті жапты да бері қарап. – Шығармаларын білмегендігі үшін жаман деген баға қоюға да болады, бірақ, бізге керегі әзірге ол емес, – деді. – Ал, Аты-жөнін есіттің бе? –Тууһ, неткен масқара! Мен ол кісі бар жерге енді қалай кірмекпін! –Ештеңе емес. Сэр оны неге сұрап тұрғанымды қайдан білсін! Ал, дерегі шықты. Енді іздеп табу оңай. Жазушылар Одағына телефон соқсақ, адресін алуымызға, телефон номерін білуімізге болады. Іздейміз бе? — Құдай үшін, атамаңыз! Керегі жоқ! –Рас–ay! Оны сен іздеп барсаң не болмақ? Мәлике ойға шомып үнсіз қалды. Сәлден соң: «Көрерміз, – деді сергіп. – Уақыт көрсетер. Алда әлі
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421