бұрынғысынша жақсы екен. – Мәлике шошып кетті. –Heгe үйттің! Қызының ауырғанын айтпа, керегі жоқ! Оның дені сау. –Жо–жоқ! – деді Сәргел жайбарақат. – Басқа мәселе… Амандық–саулықтарын біліп қояйын деп. Ол ректормен болған бүгінгі әңгімені әйеліне айтудан тартынып еді, басқа біреулердің құлағына шалынып қала ма деп қауіптенген. Сәргел әйеліне де сенбейтін. …Мәлике шығып кеткен соң, Бағила есікті іліп алып, төсегіне етпеттеп құлай кетті де, көз жасына ерік берді. Бейтаныс жігітті ұмыта алмағанын, енді ұмыта алмайтынын мойындаса да, «ғашық» деген сөзден қорланып, оның басыбайлылықпен астасқан салмағына езілгісі келмей булыға жылады.
* * *
Күздің ақырғы айының ақырғы күндері еді. Таңертең басталған жаңбыр түстен кейін қарға айналып, ол қайтадан суық жаңбырға ауысып, қаладағы асфальт көшелер мен тротуарлар аяқ басуға жеркенердей шылқып жатқан. Бағиланың студенттермен жұмысқа барып келгеніне де жарты айдай ғана уақыт өткен. Сәргел оны қалада қалдырмақ еді, «ауырып қаласың», – деп. Мәлике де Сәргелді қостаған, бірақ, Бағиланың қаладан аулақтау кеткісі келді. Мәликенің көріпкелі бар екен, Бағила жұмысқа араласқан соң екі күннен кейін ыстығы көтеріліп, жалпасынан түсті. Жұмыс соншалықты ауыр да емес, бар болғаны совхоздың алмасын жинау. Бұларды жұмысқа алып келген жас мұғалім оған жаны ашып, Алматыға қайтармақ болып еді, Бағиланың өзі көнбеді. Ол студенттерге босатылып берілген совхоздың қонақ үйінде төрт күн бойы төсек тартып жатып алды. Төрт күн бойы жас мұғалім оның маңынан ұзамай қойды. Бұдан гөрі де ұзақ жататын ба еді, Бағила студенттер арасында пайда болған күдікті көзқарастар мен күбір-сыбырлардан қауіптеніп ерте тұрып кетті. Осы төрт күн – жас мұғалім Серботаға махаббаттың айықпас ауруына біржолата шалдығып шығуына толық жетіп жатыр еді. Әрі жас, әрі жігерлі, әрі алаңдайтын семьясы жоқ, студенттердің тілін таба біледі деп жіберген Сербота махаббаттың әлегінен жүні жығылып, Алматыға азып қайтты. Курстағы жігіт біткеннің Бағилаға ғашық болмағаны жоқ еді. Қолдары қалт етсе, болмашы нәрсені сылтауратып ең аз дегенде төрт-бесеуі оның қасына жинала қалатын. Мұғалім ретінде олардың ортасына сұғына беруге ыңғайсызданатын Сербота алыста жүріп мұңға батады. Жаратылысынан нақты ғылымға бейім жігіт сары уайымның салдарынан ақындық өнерге душар боп, оған лирика–философиялық хаттар жазды. Бағила олардың бірде-біріне жауап қайтармай, қолы бос кезінде оқып көңілденсін деп бәрін Мәликеге жіберіп отырды. Аспанды ботана бұлт түгел жапқан, жуық арада ашыла қоятын түрі жоқ. Тротуардың екі жағына қатарласа өскен қара ағаштар сары жапырақтарынан айырылып, сидиып–сидиып мүлгіп тұр. Қаланың еңселі үйлері де жазғы сәнінен айырылып, көңілсіз сұрғыл түрге еніпті. Бағила бүгін сабақтан ертерек шыққан соң, жол-жөнекей пластинкалар дүкеніне бұрылды да, одан көңіліне ұнар ештеңе таппаған соң көшеге шығып, таксиге қол көтерді. Ішінде бір
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421