таксиде! Түсімде көрдім деуге де жанаспайтын неткен кездейсоқтық!? » – Сіз жауап бермедіңіз ғой. Әлде ойыңызға түсіре алмай отырсыз ба? – Жігіт орындық арқалығына сол шынтағын қойып, бері қарады. Жүрегіңді дір еткізер сол баяғы салқын жүз, жебедей қадалар сол баяғы мұздай жанар. –Менде,–деді Бағила естілер-естілмес қана сыбырлап. Ол бұл сөзді қалай айтқанын өзі де байқамады. –Жоғалтпағаныңыз үшін рахмет! Ол қағазда ойларымның жиынтығы жазылып еді. Сіздерге қымбат бола қоймас, маған өте қажет. Мен сізден оны қалай алсам екен? Жасын Бағилаға көз тоқтата қарады. Қысылмай, қымтырылмай тура қадалған жанар жас қыздың жүрегін жуалдыздай шаншып өтті. Сол шаншу бүкіл жаны мен тәнін тұтқындап, ерекше бір сиқырлы күштің құдіретімен оған айтпаспын деген сөзін еріксіз тіл ұшына итерді. –Жоқ, мен үшін ол қағаз өте қымбат, – деді Бағила өзін-өзі билеуден қалып. – Қажет болса, әкеп берейін. Жасын бұрынғыдай селқос емес, қыз жүзіне барлай қарады. Мұздай жанарына лып етіп жылылық енгендей болды. –Адалдығыңызға ризамын, – деді жігіт қыз сөзі мен үніндегі таза көңілді байқап. – Бір жапырақ қағазды тұмардай жоқтап отырғаным тосын адамға өрескел де көрінер, оның не себепті қажет екенін жаңа айттым, екінші себебі – өзім ұнатпайтын адамдардың қолында ескі ұлтарағымның қалғанын да қаламаймын. Жігіттің соңғы сөзі Бағиланың жылы жүрегіне қырау қатырды. Қарсы алдында отырған осы бір бейтаныс кешірім дегеннен жұрдай, кісінің ақ-қарасын ажыратып жатпайтын, мейірімсіз жандай көрінді. Бағила әңгіменің сол бір парақ қағазға көп тірелген сәтінен бастап өзінің кілт өзгергенін, арбалған торғайдай ерекше бір сиқырлы күштің жетегіне еріп жүре бергенін, өзін-өзі билей алмағандығы үшін намыстан жарыла жаздап отырғанын, ең бастысы – осының бәрі мына жігітке мұздай қалпынан бір өзгермеуі әуелі өзінің, қала берді әкесінің арын қорлағандай сезінді. –Иә, – деді Бағила ызаға булығып, – шын айтасыз, біз үшін оның ескі ұлтарақтай да бағасы жоқ. Жай, кітаптардың арасына байқаусыз салып қойыппын. Оның ызадан тынысы тарылып, қолындағы жапон шатырын мыжғылай берді. Төмен қарап отырғанмен қарсы алдында өзіне қадалған жанардың суық лебін сезінумен болды. «Ызаланғанымды анық байқады, – деді Бағила іштей. – Жаңа ғана мүлде басқаша жауап беріп едім ғой. Ол сөз жоқ мені күлкіге айналдырып отыр». — Өте жақсы, – деді жігіт бетін алға бұрып. Шамалауымша, түстен кейін оқитын болуларыңыз керек. Қай аудитория, сағат қаншада деп сұрағаныммен қазір маған жауап беретін жағдайда емессіз, сондықтан былай келісейік: мен ертең аудиторияларыңызды сабақ кестесінен тауып алып, үзілісте дәл сол аудиторияның есігінің алдында күтейін. Сіз маған әкеп бере қойыңыз. Менімше, мұның түк те қиындығы жоқ. Ал, егер оны да иілу деп есептесеңіз біреуден беріп жібере салыңыз. Нақ сол
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421