Қ А Р Ғ Ы Н

жарасады, – деді Мәлике. – Саған бәрі жарасады. Егер сен өгіздің мүйізін басыңа жапсырып алсаң да жараса берер еді! Ал, музыка тыңда, кітап оқы, қиял кез. Түбі сен осы бөлмеден не данышпан боп шығасың, не ақылыңнан адасып шығасың. – Ол орнынан тұрды да, күлкісін жиып: – Сенің өз ақылың өзіңе жететін сияқты. Байқа, әлі тым жассың, шамаңның жеткенінше махаббат деген феодалдың құлы болмай бостандықта жүре тұруға тырыс. Бағила оған сүйсіне қарап тұрып, көзін жұмып басын изеді. Ол шығып кетті. Біраздан соң Бағила бас жағындағы кітаптың арасынан ертең сабаққа алып баратын бір парақ қағазды тауып алып, оны тез оқып шықты. Өткен жолғыдай емес, түсінікті, айқын секілді. Және ондағы сөздердің бәрінен Жасынның айқын да бұлтартпас қоңыр салқын үні естіліп тұрғандай болды. Ол қағазды жанындағы кітаптың үстіне қойып, төбеге қарады. Назары одан сәл төмен жылжығанда бұғының кепкен басын көрді. Ол бәз-баяғысынша көрінбейтін көкжиекке, еліре, таңдана қарап тұр. Қараған сайын қарай бергісі келетін сияқты. Торшердің сарғыш сәулесінен оның жанары сәл күңгірт тартып, бұрынғы бейкүнә қалпына болмашы ғана өкініш пен мұң ұялапты. Бір кезде сол жанар бірте–бірте мүлдем суық тартып, Бағиланың дәл өзіне қадалып тұрғандай көрінеді. Оның жүрегі дір ете түсті. Мына жанар бүгінгі таныс бейтаныстың жанарына ұқсайтын сияқты. Жебедей өткір, сүңгідей, шөлдің құдығындай терең. Әрі жақын, әрі жат, әрі үрейлі, әрі қымбат. *** Алғашқы сабақтың бірінші үзілісі жақындаған сайын Бағиланың тынысы тарылып, сабыры кете бастады. Бірде ол мына лекцияны жалтыр бас кәрі мұғалім тым созып жібергендей сезінсе, келесі сәтте дәл осы жалтыр бас оны қасақана асығыс бітіргелі жеделдетіп жатқандай көрді. Ол мұғалімнің не айтып, не қойып жатқанымен ісі болған жоқ, басында тұрған бір-ақ сұраққа: «Өзім алып шығайын ба, біреуден беріп жіберейін бе?» – деген сұраққа жауап іздеумен болды. Қоңырау кенет шыр ете түскенде, Бағила селт ете қалды. Тасқа құлаған шыныдай ойы быт–шыт болды. Сонда ғана барып, ол өзінің әлгі сұраққа жауап әзірлемегенін сезді. Дәл осы сәтте ол өзі де түсініп болмайтын ерекше қалып танытып, орнынан тұрды да, асығыс есікке беттеді. Миының басқа бір нүктесінде жасырын дайындалған шешім қажет шақта басқа күдік пен басқа жауаптың бәрін қас қағым сәтте тұншықтыра салды да, өз әміріне еріксіз бағындырды. Бағила мұғалімнен соң іле-шала шыққанда жігіт коридордың алыс түкпірінде бері қарап темекі шегіп тұр екен, қызды көрген соң, ол жайлап жақындай берді. –Сәлеметсіз бе, – деді Бағиланың жанына таянғанда. – Кешіріңіз, сіздің атыңыз кім? Қыз кешегі кегінің әлі басылмағанын сездіргісі кеп жауап бермей үнсіз тұрды да, өзіне қадалып тұрған өткір жанарды қарамаса да тәнімен сезініп, көпке шыдай

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421