Қ А Р Ғ Ы Н

– кешегі оқиғадан соң сізбен кездескеніме өкініп едім. Енді кездесе қалсам сөйлеспеуге, теріс айналып кетуге бел байлап ем. Мұнда келіп қалғанымды өзім де кешіре алмай отырмын. — Міне, қызық! – деді жігіт. – Кешіре алмайтын мен болуым керек еді ғой. –Сіздің себебіңіз бен менің себебім екі басқа. Сіз бәрімізге тіл тигіздіңіз. Мені адам құрлы санамадыңыз да. Мен… мен мұндай сөзді ешкімнен естіген емеспін, тіпті, естимін деп ойлаған да емеспін… Бәлкім, мұнда келгенде осы ренішімді білдіру ойымда болған шығар… –Сіз кешегіден гөрі бүгін ақылдылаусыз, – деді Жасын жайбарақат шампаннан ұрттап. – Намыстың үлкен кішісі болмайды және ол еркек, әйел деп жынысқа да бөлінбейді. Сіздің ренішіңіз менің ренішімнің баласы, немересі, тағы сол сияқтылар. Өйткені олардың бәрі менің ренішімнен тарайды. Әкеңіз үлкен қызметкер ғой шамасы? –Оның сізге қажеті жоқ. Сонан соң, сізден өтінерім… Әңгімеге әкемді араластырмаңыз. Онда мен тұрам да кетіп қалам. –Сіздің жағдайыңыз маған қарағанда әлдеқайда жеңіл, өйткені сіз өз еркіңізбен тұрасыз да кетіп қаласыз, ал мені қуып шыққан. Айырмасы бар шығар деймін. Қыз мүдіріп қалды. Бір кезде өздері купеден қуып шыққан жігіттің алдында бүгін қатты қысылды. Және ол жігіттің басқа біреу емес аты шулы Жасын боп кездесуі оның ар алдындағы ұятын қоюлата түсті. –Жарайды, бұл тақырыпты қояйық, – деді жігіт. – Сіз екеуміз бір-бірімізге сот құрғаннан нәтижеге қолымыз жетпес. Сонымен тарих факультетіне неге түстіңіз? –Демек, тарихшы болғым келген шығар. –Тарих пәні мен тарих ғылымына сіздің сұлулығыңыз аса қажет пе екен? Немесе, керісінше, сіздің сұлулығыңызга тек тарих пәні мен тарих ғылымы аса қажет пе? — Сізге менің бір құрбы қызым сәлем айтты… — Ім–м, оның бұл арада қандай қатысы бар? — Білмеймін… Тарих пен сұлулықтың да бір-біріне қандай қатысы бар екенін түсіне алмай отырмын. Жасын аузына апара жатқан фужерін орта жолдан қайтарып столға қойды. – Білесіз бе, сіз маған ұнап келе жатырсыз, – деді оған сүйсіне қарап. – Маған адам бойындағы сұлулықтан гөрі сөзі ұнайды. — Білем. — Қайдан білесіз? — Бірнеше қайталап оқып шыққан сіздің екі кітабыңыз айтты. Жасын кеудесін көтеріп, сүйріктей саусақтарымен бокалды сипалап, өзі айтқан сөзінен өзі ыңғайсызданып отырған қызға сүйсіне қарады. — Басқа қандай кітаптар оқып едіңіз! — Көп емес… — Сіздің ойлау жүйеңіз ерекше екен. Кеше неге осылай сөйлемедіңіз? — Өйткені сіз… бірден намысқа тие сөйледіңіз. Білесіз бе, мен түнімен қорланып, зәбірленіп шықтым. Жыладым да. Сізді мейлінше жек көріп кеттім. — Бүгін неге келдіңіз? Мен сізді қинаған жоқпын, қиыла өтінген жоқпын ғой. — Бір себебін айттым–ау деймін. — Басқа себебі? — Менің аузымнан «Сіз үшін

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421