ақырын ғана айналады. Илікпейтін оң қол «Матростың» белінде, сол қолымен қуыршақтың кішкене алақанын алақанына салып алған, ақырын қимылдағандықтан протез аяқтың кемістігі түк те білінетін емес. Үстіндегі көгілдір жұқа кофта мен американ джинсиі жұп–жұмыр денесіне жарасып-ақ тұр! Бағила мынадай биге ұзақ қарауға дәті шыдамай, лып етіп өз бөлмесіне өте шықты. Бөлмесіне кіріп, сумкасын стол үстіне қойғанда жүрегіне қорғасындай бір ауыр сезімнің ұялағанын байқады. Ол креслоға кеп шалқалап біраз отырды да, Ремарктың «Жұмақтағы көлеңке» романын қолына алды. Сатып алынғаннан бері тірі жан ұстамаған кітап адам қолын жатсынып қалғандай сытырлап әрең ашылды. Бұл авторды ол жақсы көріп кетті. Сәргелдің кітапханасында оның әр жылдары шыққан бірнеше романдары бар екен. Қолда бар кітаптардың бұл – соңғысы, әрі, жазушының да соңғы кітабы. Ол алғы сөзін оқи бастады. Автордың романды аяқтай алмағанын, шығарма алғашқы үлгіден кейін қайта қаралмаған күйінше басылып отырғанын ұқты. Ары қарай оқығысы келмеді. Басын қайта көтерді. Залдан «Полонездің» ақыл-ойыңды тұтқындар құдіретті әуені анық естіліп тұр. Мәнсия Бағила келгелі оны үшінші рет қойды, демек, ол әлі «матроспен» билеп жүр. Сүйікті мотросымен! Бір кезде музыка бітті. Мәнсияның пластиканы орнына қойып, проигрывательді өшіргені, сонан соң протез аяғы тақ–тақ етіп ас үйге қарай жүргені естілді. Ол ас үйге жете берді де, қимылсыз қалды. Мұнда біреу-міреудің кіргенін сезген болса керек. Сонан соң киім ілгіш жаққа кетті. Шырт еткізіп шамды жағып, шырт еткізіп ізінше қайта өшірді. Оның тақылдаған аяқ дыбысы бері қарай жақындай берді. Бағила кітабына жалма-жан үңіле қойды. Әріптер секіріп билеп жүрген секілді бастарын біріктіре алмады. Бөлменің есігі кенет сарт етіп ашылғанда ол селк ете түсіп, солай қарай мойын бұрды. Мәнсия есіктің тұтқасынан қыса ұстап, бұған жеп жіберердей өшпенділікпен қарап тұр екен. Жүзі сұрланып, екі көзі жалт-жұлт етеді. Бағиланың жүрегін қорқыныш билеп, енді не боларын үрейлене күтті. –Мен қалай билейді екем, көңілің тойғанша қарадың ба? – деді ол ызадан жарыла жаздап. –Манс… –Манс деме мені. Сенің олай айтуға қақың жоқ! –Мен жаңа ғана келдім, – деді Бағила оның буырқанған ашу–ызасын қандай сөзбен тоқтатудың амалын таба алмай. –Өтірік! Қане, қанша бет оқыдың? – Ол таңғажайып жылдамдықпен тақ–тақ басып келіп Бағиланың қолындағы кітапты жұлып алды. –Алғашқы бет! Демек, сен менің биіме қарап тұрғансың! – Ол кітапты столға лақтырып жіберді. –Мен саған айтып тұрмын ғой, жаңа ғана келдім. Сенің айтып тұрғаның қандай би! – Амалсыз алдауға тура келді. — Сенбеймін! Пальтоңды ұстап көрдім, жып–жылы, міне, сумкаңды көрейін, ол да жып–жылы! Бағана келгенсің де, биімді тамашалап тұрып, мені іштей аяғансың ғой! Аядың, күлдің, мазақтадың! Енді кеп кітап оқыған боп отыра қапсың!
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421