бәрі залым, бәрі қу, бәрі екіжүзді! Мен оларға сенбеймін! Бағила мұнан әрі не сөйлерін білмей жұмған аузын ашпады. Әсем музыкаға матросымен беріле билеп жүрген сәтін бұзғысы келмегенін, бұза қалса оны бұдан да жаман күйге түсер деп батылы жетпегенін Бағила оған қазір түсіндіре алмасын ұқты. Мәнсия Бағилаға ызғарлы көзін тапжылтпай тесіле қадап тұрды да өз ернін өзі қыршып алардай тістеніп, есікті сарт жапты. Бағила не болса да оның әйтеуір шығып кеткеніне қуанды. «Байғұс қыз!» – деді есік жақтан көзін тайдырғанда ауыр бір күрсініп. Оқымайтынын білсе де Ремаркты қайтадан қолына алып, келген бетін ашты. Бірақ одан әріптерді емес, өзіне қадалып тұрған Мәнсияның ыза мен өшпенділікке толы қанталаған көздерін көрді. Ол кітапты сарт еткізіп жаба салды. *** Жексенбі күні Серботаға амалсыз айтқан уәдесін орындап, Бағила онымен екі сағаттай қыдырып келді. –Лике, – деді ол көңілді дауыспен кірген бетте. Мәлике ас үйде балаларын тамақтандырып отыр еді, Бағиланың даусын естіп орнынан ұшып тұрды да, оған қарсы жүрді. –Қалай тез қайтқансыңдар? Немене, ұрысып қалдыңдар ма? –Ой, Ли–ке–е! – Ол басын шайқап күлді. Пальтосын шешіп, қол сумкесін де киім ілгішке қоса ілді. – Ер адамдар неткен қызық! Ол маған не айтты десеңізші?! – Ол тағы да сықылықтай күлді. Мәлике «абайла» дегендей екі саусағымен ернін басып, Сәргелдің жұмыс кабинетін иегімен мезгеді. Бағила «Есімнен шығып кетіпті ғой», – дегенді танытып, аузын ашып, тілін шығарды. Аяғының ұшымен басып өз бөлмесіне қарай беттеді. –Иә, ол не деді? – Мәлике әйелге тән құмарлықпен оның сөзін асыға күтті. –Екеуміз паркке жеткенше сөйлескен жоқпыз, ресторанда да бір-бірімізге тіл қатпадық. Қайтып келген соң жаңа ғана, дәл есіктің алдына жеткенде, ол: «Үйленейік, Бағила», – дейді. – Ол сықылықтай күлді. Мәлике де қосыла күлді. – Ой, ішегім–ай! Институт бітірген, университетте сабақ береді, кандидаттық диссертация жазып жүр, бірақ, әлі бала! Оныншы кластың оқушысы да қазір бұлай сөйлемейді. Сонда ол қайда жүрген? Мектепті де, ииститутты да жалғыз өзі жеке оқып бітірген бе?!. Үйленейік! Ой, қуанғаным–ай!.. — Несі бар, – деді Мәлике әзілдеп, – қазіргі қыздардың жігіт лексиконындағы ең сүйікті сөзі! Және олар мұндай балаңдықты тазалық деп қабылдайды. Саған олай көрінбей ме? – Ондайлар да бар болуы мүмкін, бірақ ол… ол өмірдің қайнаған қақ ортасында жүр ғой. Естиді, көреді, оқиды, ұғынады, сөйте тұра қызбен қалай сөйлесуді әлі білмейді. Ал, егер, оқымаған болса ше? Онда олар көрінгеннің құлы боп кетеді. Және, ғалым болғалы жүрген адамның осыншалықты ынжықтыққа дейін момын болуы ұят-ақ! Оның үстіне, менімен алғаш рет оңаша кездесіп отыр ғой, «үйленейік» деген сөзді ары жетіп қалай айтады? — Сен
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421