— Мен не дейін, кеш қалдыңыз, жігітім бар дедім. Соның рұқсатын сұрап көрейін дедім. Бұл сөздің аузыма қалай түскенін білсем нағыл дейсіз. Өзімді-өзім ұстай алмай күліп жібергенім. Сонан соң қоштастым да үйге кіріп кеттім. Ол әлі тұр ма екен, терезеден қараңызшы. Мәлике перденің қабырға жақ шетін жаймен ысырып, бір көзімен сыртқа қарады. — Басында шляпасы бар, ақ плащты жігіт пе? — Иә. — Кетіп бара жатыр. — Уф! Құдайға шүкір. Таңға шейін тұрып ала ма деп қорқып ем. Мәлике пердені қоя берді де, жай ғана күрсінді. – Дегенмен, обал-ақ! – деді, оны аяп. – Сіздің жаныңыз ашыса айғайлап тоқтатайын… Екеуі де қосыла күлді. Олардың күлкісін кенет шар ете түскен есік қоңырауы үзіп жіберді. Мәлике «Бұл кім болды екен?» – дегендей әдемі көз шарасын үлкейтіп Бағилаға бір қарады да, коридорға шықты. Бұлар әңгіме қызығына түсіп дабырласып кеткендіктен кабинетінде отыра алмаған ба, Сәргел де екі қолын артына ұстап сыртқы есік пен ас үйдің ортасында теңселіп жүр екен. Мәлике шыққан кезде ол есікке бұдан бұрын жетті. Ішке жиырма–жиырма бірлер шамасындағы жас жігіт кірді. –Сәлематсыздар ма? – деді ол әйел мен еркектің өзін сұраулы да күдікті пішінде үнсіз қарай қалған жүздерінен қатты қысылып. Сәргел амандық орнына басын изеді де, не айтқаны белгісіз ернін күбірлете салды. –Сізге кімнің үйі керек еді? –Кімнің үйі екенін білмеймін, – деді жас жігіт одан бетер қысылып. – Мені… бір кісі… бір жас жігіт жіберіп еді. –Қызық екен, – деді Сәргел жігіт пен Мәликеге кезек қарап. Оның ойнақы жанарынан әйеліне деген күдік жалт ете қалды. – Ол кім деген жігіт? — Суретші. Жақсы суретші… — Иә, жақсы суретші не дейді, біздің суретімізді салуға шақырып жатыр ма? Жас жігіт бейтаныс үйдің иелерімен мұнан әрі сөйлесіп тұра беруге шамасы жетпейтінін біліп, қолтығындағы ақ матамен оралған затты іргеге сүйей салды. –Осы суретті беріп жіберіп еді. Адрестен жаңылмаған сияқтымын… Мазаларыңызды алғаным үшін кешірім өтінем. Сау болыңыздар! Ол бұлардың қоштасуын күтпей-ақ шығып кетті. Сәргел мен Мәлике бір-біріне қарады. Күйеуінің жанарынан өзіне деген сенімсіздікті аңғарып, Мәлике мойнын иығына батырып, басын шайқады. –Бейтаныс біреулердің енді сәлемдемені үйге жіберуі қалып еді. Ал, аш, көрейік, – деді Сәргел екі қолын қайтадан артына ұстап. Мәлике іргеде сүйеулі тұрған ұзындығы бір, ені жарты метр келетін ақ матаға ораулы затты алып, оның байлауын шеше бастады. Ақ капрон жіптің өрнектеп байлануы мен дүкеннен жаңа шыққан ақ матаның мұнтаздай тазалығынан, оның мұқият оралғанынан ол белгісіз суретшінің ерекше ілтипатын, ерекше ықыласын байқап қалды. Мәлике ақ матаның орауын түгел жазып шыққанда оның колында үлкен
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421