Қ А Р Ғ Ы Н

Алтын жалатқан жақтауы шам сәулесімен жалт–жұлт етеді. Ол портретті аяқ киім сөресінің үстіне қойып қабырғаға сүйеді. Бұл – Бағиланың портреті еді. Портрет майлы бояумен жазылып, төменгі жағына «Е. И» деп суретшінің аты–жөнінің басқы әріптері қойылыпты. Сәргел мен Мәлике портреттің ғажайып орындалғанына таң қалғандарын жасыра алмай демдерін ішіне тартып оған үңіле түсті. Суретші бойындағы бар қабілеті мен фантазиясын осы шығармасына сарқа жұмсағаны көрініп тұр. Жағылған бояулардан қыл қаламның ізі де байқалмайды. Мұнда тек таңғажайып сұлулық бейнеленіпті. Оның тұп-тұнық, бір түйір көмірдей қап-қара қарашығы мынау дүниеге, ондағы сан–қилы құбылыстар мен адамдардың тіршілігіне таң-тамаша боп қарай қалған. Қастарының орта тұсы жоғары қарай сәл көтеріліп, оның ішкі дүниесінде пайда болған алғашқы сұрақтарды сыртқа сүйрелеп тұр. Ол жанар өзінше жаңалық ашудың аз-ақ алдында сияқты. Сол жаңалығын бір-біріне сәл ғана қиюласпай тұрған үлбіреген балаң еріндер келесі бір сәтте таң қалған үнмен баяндай жөнелетін секілді. Сұлулық пен пәктік пендешілік пен тіршіліктің ұсақ-түйегіне пайғамбар биіктігінен қарап тұр. Мұндай әсемдік пен тазалықты бұзуға, оған дақ түсіруге батылың да, арың жетпейді. Оған қарап тұрып өз бойыңдағы тазалықты еріксіз таразыға салуға мәжбүр боласың, таразыға саласың да қоқысың мен лайсаңның баршылық екенін көріп, өзіңді-өзің бейшара санайсьң, өз-өзіңнен ұяласың. –Мынау… Бағила ғой! – деді Сәргел портреттен оқыс кейін шегініп. Бет сүйегі шығыңқы жұқа өңіне қан теуіп, Мәликеге аңырая қарады. — Енді ғана таныдың ба? — Мен мұны сен екен деп тұрсам… — Сенің басыңдағы қандай ой екені белгілі ғой. Мені біреу осылай салса бақыттылықтан жарылып өлер ем… Сәргел әйелінің әлденеден толқып тұрғанын байқады. — Іһім! – Ол ызалы кекесінмен Мәликеге көзінің астымен қарады. – Онда… сол суретшіні шақырайық, өткен жолы Медеуде сәлемдеме жіберген жігіт қой. Таптырып аламыз. Сенің де портретіңді жасасын… — Бәрібір мұндай боп шықпайды. — Бақыттылықтан жарылып өлу үшін қандай болуы керек? Мәлике оған ызалана қарады. — Дәл осындай болуы керек, дәл осындай! — Бұл – Бағила ғой… Күйеуінің ащы астармен қарап айтқан сөзі Мәликенің кеудесіне ыза құйынын бұрқ еткізді, бірақ ол сыр білдірмеуге тырысып, бәрін де ішінде тұншықтырып қалды. –Сэр–р, – деді ол аздап даусы дірілдеп, – ас үйдегі балалардың қасына бара тұршы. Құдай үшін… Соңғы сөзінің артық екенін ол кеш сезіп қалды. Күткеніндей-ақ – Сәргелдің қазымыр жіңішке даусы құлағына жетті. –Неге «құдай үшін?» –Мәлике сөз таба алмай қалтырай күрсінді. –Балалар көптен бері өздері отыр… –Ал, «құдай үшін» деудің қажеті қанша еді? –Сэр, – деді ол Бағиланың портретіне қарап тұрған қалпы, – тым ұсақ болмасаң етті… Ұсақ мінез адамның жүйкесін тоздырып, тез қартайтатынын білесің ғой. Кәрілік – оның

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421