тағы сөз таластырып қалдыңыздар ма? – деді Бағила ол кіріп келгенде кітабынан басын көтеріп. — Иә. — Лике, тағы мен үшін бе? — Жоқ. Суретші үшін. — Қандай суретші?.. Ә–ә, баяғы оқиға естеріңізге қайта түсті ме? Мәлике оған қарап жұмсақ жымиды да: – Жүр, ауыз үйге шықшы, – деді. Бағила халатының жоғары түймесін салып, аяғына тапочкасын сұға салды да, табалдырықтың ар жағында өзін күтіп тұрған Мәликеге қарай жүрді. — Лике, – деді Бағила күліп, – тағы не жаңалық дайындап қойдыңыз? — Қазір көресің. Бағила ауыз үйде тұрған үлкен портретті көргенде алғаш не екенін ұқпай, біршама дағдарып қалды. Сонан соң қастары иіліп, сұқ саусағымен ернін басып біраз тұрды да, кенет екі беті ду етіп, албырап шыға келді. –Таныдың-ау деймін! Сэрге қарағанда түсінігің бар екен. Ол мұны менімен шатастырды, – деді Мәлике өң мен түстің ортасында тұрған қызды тұман арасынан бері шығарып. Бағила Мәликенің жүзіне бұрылып қарады да, жанары сауал мен күдік-қауіпке толып, одан көз алмай тұрып қалды. –Неменеге маған тесірейесің? – деді Мәлике үніне әдейі реніш пен наз араластырып, әрі оның осы тұрысына мейлінше сүйсініп. – Сауап! Сол керек саған! Бағила әлден соң барып әрең дегенде тілге келді. –Менімше, бұл онша жақсы емес… – деді ол даусы дірілдеп. –Немене жақсы емес? Сурет пе? Онда суретшіні шақыртып Сэрдің портретін жасатайық. Соған қара да тұр! – деді Мәлике бастырмалатып. –Жо–оқ, мен ол туралы емес. Бір кездескен адам… Суретші… осылай… Ұят емес пе, Лике? –Енді оған өзің барып, бірнеше сағат алдында тұрған жоқсың ғой. Әлде барып па ең? –О не дегеніңіз?! –Ендеше, ұялатын, қауіптенетін ештеңе жоқ. Керек дссең, бұл сенің суретің емес. Суретшінің фактіге негізделген фантазиясы! Сэр емес қой. Ал, әдемілік жалғыз сенің ғана меншігің емес, оған өзге жұрт та сүйсінуі керек. Құдай о баста әдемілікті сол үшін жаратқан. Қайдан білесің, жүз жылдан кейін бұл портрет сурет өнеріндегі інжу-маржанға айналар. – Ол бір жағы әзілдеген боп күліп қарайды, – Сол кездегі барша жұрт жиырмасыншы ғасырдың жетпісінші жылдарында осындай тамаша сұлу бейненің, ақылды талды бейненің өмір сүргеніне қуануы керек емес пе? Ертең қартаясың, мыжырайған кемпір боласың, ешкімге қажетің жоқ, сөйтіп бұ дүниеден өтесің де кетесің. Ендеше, көрсін басқалар, олар да сүйсінсін. Сұлулық жеке адамның ғана меншігі емес дедім ғой. Бағила мына сөздердің жалған екенін, рас екенін, не болмаса тым аспандатып айтылған сөздер екенін анық ажырата алмады, әйтсе де, көңіліне үйірілген әлгі бір кездегі үрей мен қысылудың біршама сейіле бастағанын сезді. –Сэр екеуміз сол үшін аз ғана сөзге келісіп қалдық, – деді Мәлике портретті
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421