Қ А Р Ғ Ы Н

ойда жоқ жерден әкесіне жаны ашыды, оның төңірегінде осындай адамның барлығына іштей қынжылды. Бірақ жас қыз өзінің бұл байқағандарының бәріне өзі қайтадан күдікпен қарап, осының бәрі асығыс болжам, жалған топшылау шығар, тіпті, олай болмаған күнде де әкемнің өрісінде бұл жігіт кездейсоқ ұшырасып қалған жалғыз шығар деп өзін-өзі жұбатты. Енді ол мына жігіт жаққа көз салғысы келмеді. Және бір ғажабы оның көрікті, сұлуша жүзі өз жүрегінде жиіркеніш сезім оята бастағанын, көріктіліктің адамды теріс айналдырар қасиеті боларын да алғаш сезінді. Бірақ, мұның себебінің неде екенін, оның нақты қандай қарым-қатынастардан туындайтынын жас қыз біле алмады. Олар осылай бірнеше минут үнсіз тұрды. Бағила бұл секілді ішкі арпалыстың иық езер салмағына төзе алмаса, мына жігіттің дүние бір жақ, өзі бір жақ бейғам қалпы, «осылай, еттім–ау, ағат болды–ау» деп қиналудаи гөрі, қайта сол сүйегі қураған, тірі жүрген ақындарды, соларды туғызған мына сияқты жер-даланы әлі де кінәлауға даяр сыңайы оның ішкі азабын ауырлата түсті. Қыз орнынан білдірмей қозғалып, әкесі жатқан купеге қарай жылжыды. Басынан сөз асырмас, бәрінен өзінің еркектік намысын жоғары қоятын жігіт «Өмірдегі орным ақын-жазушыларға түк те қатысы жоқ», – деген философиясын үнсіз паш етіп, тәуелсіз, дербес жағдайда қимылсыз қала берді. Бағила екі-үш қадам аттады да, оған ақырын қайта бұрылып: –Кешіріңіз… Әлгі… біздің купедегі жігіт бір қағазын тастап кетіпті. Егер оның қайда екенін білсеңіз, айта салғайсыз, – деді жасқана үн қатып. Жігіт күллі әлем мен күллі ақындарға деген ренішін сәл ғана сәтке қоя тұрып, бұған күлімсірей қарады. –Егер ол жігіттің қайда екенін айтсам сізге қызмет еткен боп табылар ма екенмін? Сізге қызмет етуге әрқашан дайын екенімді білесіз ғой. – Оның жүзінде әлгі намысқойлық пен өкпе-реніштен із де қалмай, тек баяғы сыпайы күлкісіне қайта оралыпты. Бағила оның бойындағы өлермен өзімшілдіктің қайнауы әлі басыла қоймағанын білсе де, соның бәрін ішінде оңай тұншықтырып, қалаған сәтінде қалаған күйге түсе алатын мына сияқты ерекше қабілетке мейлінше таңданды. Оның жүзіне көз тастаса тағы да сол жүрек қобалжытар шектен тыс сыпайы күлкі мен сыпайы ізетті көруден тайсақтап, Бағила оның лактелген қара туфлиіне қарап тұрып: –Жоқ, маған емес, сол жігітке қызмет еткен болар едіңіз, – деді де өз сөзінің жігітке қандай өзгеріс енгізгенін күтпестен, купесіне кіріп кетті. Әкесі ұйықтап жатыр екен. Қашанғы әдетінше аузын сәл ғана ашып, бір қалыпты, баяу қорылға кірісіпті. Осыдан үш-төрт жыл бұрын қайтыс болған әжесі үй ішінде қорылдаған адамды ерінбей-жалықпай аралап жүріп оятатын-ды. Білдірмей басып келіп, иығынан ақырын ғана түртіп: «Бір қырыңнан жатшы», – дер еді. Бір қорылды тоқтатқанда әуелгі оятып кеткен адамы қайта бастайды, бұл

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421