Қ А Р Ғ Ы Н

– Ол сурет өнеріндегі портрет жанрына қарсы. Әсіресе, портрет немере қарындасының негізінде салынса! – Ол аузын ашпай, көмейінен тұншыға күлді. – Мұны қайда ілеміз? Сенің бөлмеңе ме? –Жоқ. –Ертең бір амалын ойлап табамыз. Портреттегі бейне мен болмай сен болғаның қандай жақсы, әйтпесе мұны ілуден бұрын Сэр өзін-өзі «іліп» қояр еді. — Лике, сіз оған көп қарсы келе бермеңізші. — О–о! Туысқандық намысың оянып келе ме? — Мен оны аяймын. –Қарай гөр өзін, аяғыш-ақ! Жарайды, дабырласа бергеніміз оның жүйкесін қажар. Мына портретті ал да бөлмеңе апарып қой. Қарағың келмесе орамалмен бетін жаба сал. – Мәлике тағы бір тұншыға күліп алды да, дүниенің екі ортасында қалғандай қайда қозғаларын білмей тұрған қызға «бара бер» дегендей иегімен өз бөлме жағына нұсқады да, күлкісін тыйып, Сәргелдің есігін ашты. Сәргел баяғы ас үйдегі қалпынан қалт өзгермей екі қолын артына ұстаған бойы терезеге бетін беріп, қимылсыз тұр екен. Мәлике бөлмеге жайлап басып кіргенде де ол селт еткен жоқ. Қатар тұрған екі кереуеттің өзіне тиістісін ғана жөндеп, үстінен төсек жапқышын судырлатып сыпыра бастағанда барып Сәргел бүкіл денесімен бері қарай бұрылды. Көзі сол баяғы ас үйден шығып кеткендегідей әлі бақырайып тұр екен. Содан бері кірпік қақпаған сияқты. Мәлике оның орнынан қозғала бастағанын көрсе де, көрмегендей жастығын түзеп қойды да, жатуға дайындалды. Сәргел қақшиған бойы есік жаққа барды да, бері қарай қайта жүре беріп, әйеліне назар да аудармастан бейтаныс аудиторияда лекция оқып жүргендей бір қалыпта қасаң үнмен сөз бастады. –Атамзаманнан бері еркек пен әйел ерлі-зайыпты болып неке суын ішкен соң, немесе, куәлігін алған соң олар бір үйдің, бір шаңырақтың астында тату өмір сүруге борышты боп келген. Ал, тату өмір сүру деген – әркім өз дегенін жүзеге асыруға, өз ойының дұрыстығын дәлелдеуге таласудан тұрмақ емес. Тіпті, дәлелдеген күннің өзінде кеңірдектен, тасыр мінезбен немесе ашу-ызамен дәлелденбейді, керісінше, бұл қасиет семьяның арасына сызат түсіріп, оны ұлғайта берері анық. Ерлі-зайыптылардың арасындағы қазір сендер кеп айтатын тең праволылық, демократия дегенге мен иланбаймын. Семьяда бір адамның үстемдігі болуы шарт. Ал, бір адамның үстемдігі жоқ жерде семья – семья болудан қалады. Тең праволылық пен демократия екі жыныстың бірге өмір сүруі үшін мүлде әлсіз әдіс, ол кез келген келіспеушіліктен, болмашы қателіктен жерге түскен шыныдай быт-шыт бола салады. Сондықтан, қымбатты Мәлике, – деді ол ары-бері жүруін жалғастырып, «қымбатты Мәлике» дегенде даусын көтере түссе де ішкі толқудан аздап дірілдеп, – бұл үйде ешқандай демократияға орын жоқ. Әлгіндей ашу көрсету, балаларымның көзінше әкелік намысымды таптап есікті жұлқа ашып, үстіме атып жіберердей басып кіру – мен үшін қорлық. Әйел адам

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421