Қ А Р Ғ Ы Н

алмасын, айтыс пен арбасудың қандай түрі болса да өзін тек жеңіліс қана күтіп тұрарын іштей сезінді және осы азапты мойындаулардың арғы бір ұшынан қылт етіп тағы да тұңғыш рет өзінің бұл әйелге тең емес екендігін, жастықтан туындайтын ерлік пен тәкаппарлықтың арынды ағысына кәртеміс дене бөгет бола алмасын білдірген бір сезім көрінді. Тұңғыш бас көтерген осындай егіз сезімдер оның көн кеудесінің басқа түкпірінде жасырын жатқан жаңа ойларды да оята бастады. «Иә, – деді ол іштей, – жексұрын сезім жалқы оянса да тышқан секілді тез көбейді, яғни, бұл да балалай береді деген сөз ғой». Бұл сергелдең сауалдың шумағын жинап бола бергенде, неге екені белгісіз, кенет есіне қайтыс болған әйелі оралды. Оның дәл қазіргі сәтте неге еске түсіп, қыстырылмас жерге қыстырыла кеткеніне ол жауап та іздеген жоқ, тіпті, іздемей-ақ табылып тұрған жауабын өз-өзіне анық айтудан да қысылатын секілді. Ол да дәл осы орында жатар еді. Мұның талай қытымырлығы мен қазымырлығына шамасының келгенінше төзіп, артық сөйлемеске тырысатын-ды, сөйлей қалса да мұншалықты менмендік, кісінің жанын бір-екі ауыз асқақ та темірдей салқын сөзбен таптамайтын. Және сөзсіз жатып алғаннан гөрі әйелдің өзіңмен тайталасып ұрысқанының өзі бұдан әлдеқайда артық па деп қалды. «Демек, ол менен өзін жоғары санайды, мен одан төменмін, ол мені менсінбейді, неден де болса тайынбайды, оған бәрібір, мен ол үшін құмырсқамын, қара шыбынмын, жәндікпін, тағы тағылар. Мен ғана сөйлеуім керек, мен ғана айтысуым керек. Неге? Өзінің бұрыстығын, менің дұрыстығымды дәлелдеу үшін! Неге дәлелдеуге тиіспін. Өйткені мен оның алдында тәуелдімін, менің одан айырылып қалғым келмейді. Ал оған бәрібір! Міне, гәп қайда!» Сәргел осы қорлық пен азапты мұнан әрі көтере алмасын сезді ме, бұл жерде бейшара қалыпта тұра бергісі келмей коридорға шығып кетті. «Түк те емес болмашы ғана нәрсе, – деді ол ас үйдің терезесі алдына тұрып. – Тіпті өзгеге айтудың өзі ұят! Қайдағы бір суретшінің салған портреті! Ерлі-зайыптылардың ажырасуына, семьяның бұзылуына себеп болған факт! Жұрт күлетін дәлел емес пе? Шынымен адамдар ұсақтаған ба? Бәлкім ойлары ұсақтаған шығар, іріден емес, кейде ұсақтан сүрінетінімізге себеп осы ма? Бірақ, адам мен ой бір емес пе, демек, екеуі де ұсақтаған, адам мен оның ойының бас қатырар мәселелерінің бір-бірінен алшақ болуы мүмкін емес! Иә, ол менен бөтен, мүлде бөтен! Егер мен өле қалсам!?» – оның денесі дір ете түсті, ары қарай ойын жалғастыруға, «Мен өле қалсам бәлкім, ол жыламас та!» – деген сөзді айтуға қорықты. «Жол ортасында атың өлмесін, өмір ортасында қатын өлмесін» деген баяғыда ұмыт бола бастаған ескілікті мақал есіне түсті. Бұрынғы әйелі тағы көз алдына елестеді. Ауылдағы

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421