баласы… Мұндағы үйелмелі-сүйелмелі екі ұлы… Қалт-құлт еткен аз өмірі… Сырты бүтін, іші түтін тіршілігі… Сәргелге кенет олардың бәрі мүлдем бөтен адамдай боп көрінді. Бәрі де өзінен әддеқашан суыған, үйде жатқан екі бала да суық, Мәлике де суық. Бәрі–бәрі де мұнсыз өмір сүре алады, ешқайсысының күні бұған қарап тұрған жоқ, кенет ғайып бола кетсе ешкім де мұның орнын жоқтамайды, қабырғасы сөгіліп қайғырмайды, мұның денсаулығын ешкім құдайдан жалбарынып тілемейді де. Жолдас-жора, көз көргендердің бәрі солай. Жанашырлық жасап жүрген алыстағы туысы Қаратайдың да асып бара жатқаны шамалы. Heгe? Heгe? Себебі қайсы? Бір-бірінсіз тұра алмайды екен деген адамдар қайда? Қайда қане, солар? «Әлде менің өмір жолымда ондайлар кездеспеді ме?» Неге? Әлде, бірін–бірінсіз тұра алмайтын адамдар адам ойының ғана жемісі ме? Пәленше өлді деп екінші біреудің қоса өлгенін неге көрмедім? Сонда олардың бәрінің қабірге бірге түсер бірде- бір достарының болмағаны ғой? Адам тек өзіне ғана қадірлі болған–ау… «Мені кім іздейді, мен кімге қадірлімін?» Ол өзін жер бетінде еш жанашыры жоқ жетім баладай сезінді. Бір сәтке көз алды мұнартып кетті. Ол кенет есін қайта жиып, бойын ширақ ұстауға тырысты. «Бұл не? Көз алдымның мұнартқаны несі? Әлде кәрілік пе? Адам бойына кәрілік осылай енетін шығар? Иә, иә, солай. Кәріліктің жан серігі – уайым болар. Ендігі қалған өмір осылай өтпек пе? Тек осылай? Еш өзгерісі болмақ емес пе?» Сәргел ары қарай тереңдей беруден тағы шошынып, ойын қысқа арқандай тез жиып ала қойды. «Болмайды, – деді ол өзіне–өзі қайрат беріп. – Өзіңді–өзің кеміргеннен пайда жоқ. Берік болу керек. Иә… берік болу…» Ол осы байламнан бойға дару тапқандай сәл қанаттанып, балалары жатқан бөлменің есігін ашып, монтиып, бейғам ұйықтап жатқан екі ұлына әлде күдік, әлде үмітпен біраз қарап тұрды да, Мәликенің қасына келді. Ол түнгі шамды сөндірмеген қалпы кітабын жастығының астына қоя салып ұйықтап кетіпті. Әйелінің әдемі мүсініне, қиылған қою қара қасына бір көз тастап өтті. Әлде әлгі ішараздық деп өзін қорлаған сезім әлі жылжымаған ба, Сәргел өз бойынан әйеліне деген еркектік нәпсіні, реніш пен өкпені ұмыттырып жіберетін қызығушылықты байқай алмады. * * * Қақаған қыстың сақырлаған сары аязды күні еді. Үйде Бағиладан өзге ешкім жоқ. Курстас қыздармен кітапханаға барамыз деп уәделескен, оған дейін бір жарым сағат уақыт бар. Оңашалық – қашан да адам ойын белгісіз бір құпия дүниеге жетелейді. Бес бөлмелі даладай үйде ол өзін қоярға жер таппады. Жасынның шетелден әлдеқашан келгенін Бағила, әрине, біледі, бірақ, оған хабарласудың ретін таппай қойған. Көшедегі телефон–автоматтарға кіріп, тәуекелі жетіп дискіні де бұрап көрген. Бірақ, қанша өзін қинаса да, екі-үш цифрды терген
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421