жиілеп, өз–өзінен өрт боп жанып, будкадан атып шығатын. Ауыз үйде тұрған аппаратқа ол әлденеше рет келіп те қайтты. Бәрінде де өзін-өзі жеңе алмай, бойын кернеген ұяты еркін тұтқындап, бар-жоғы жансыз дискінің алты нөмерін тере алмай азапқа түсті. Тіпті, телефонға жақындаудың өзі ұят секілді. Адамның жансыз нәрседен де қысылатын кезі болатынына ол таңданды. Көп толқу мен арпалыстан соң ол телефон жанына келді. Жайлап трубканы рычагтан алып, құлағына апарды. Бір қалыпты ызыңдаған дыбыс. Аппарат мінсіз жұмыс істеп тұр, кез келген қызметіне дайын, қалаған адамыңның үйіне дауысыңды жеткізе алады. Бағила демінің тағы жиілеп, алақаны мен маңдайының тершігенін сезді. Ол алғашқы үш цифрды еркін алды. Төртінші цифрды тергенде саусағының дірілдегенін байқады. Бесінші цифрды саусағы сынып кетердей әрең айналдырды. Міне, ең соңғы сан. Бар-жоғы бір-ақ сан. Бар жоғы бір-ақ сан! Ол сұқ саусағын сегізге апарды, оны жайлап жоғары көтере бастады. Мүлдем тынысы бітіп қалғандай. Ақыры оны тез айналдырып жіберді де, көзін жұмып, демін ішіне тартып бұдан әрі не боларын күтті. Аппараттың бір қалыпты, ұзын дыбысы естілді. Екі, үш… Құлақ түбінен әлдене сытыр–сытыр сынды да, артынша ер адамның сұп-суық, немқұрайды үні естілді. – Иә. Бағила не дерін білмей тілін жұтып тұрып қалды. – Иә! – деді ер адам зілді дауыспен. Дәл сол дауыс! Жасын! Бағила демігіп кетті. — Алло! — Сәлематсыз ба? – деді Бағила ол трубканы тастап жіберер деп қауіптеніп, әрі екінші рет телефон соғуға шамасының жетпейтінін біліп. — Сәлематсыз! Сізге кім керек? — Қашан келдіңіз? — Атамзаманда. Бұл кім? — Сіз… ұмытып қалдыңыз ба? Мен… — Анығырақ айтсаңызшы! Кім дейсіз! — Мен… Бағиламын… — Ә–ә, иә, есімде… Келгелі бері телефон соғуға уақыт болмады. Бір шаруаңыз бар ма еді? Бағила мұнан әрі сөйлеуге шамасы жетпей трубканы тастап жіберді. Жасынның соңғы сөзі оның осы кезге дейін талпынып, тасып келген көңілін су сепкендей басып, оған деген сезімдерінің бәрін шалғыдай жапырып өтті. Ол ызаға шыдамай төсегіне кеп құлай кетті. Ойынан Жасынның «Бір шаруаңыз бар ма еді?» – деген өзекке мұз қатырардай суық сөзі кетпей қойды. «Неге оган телефон соқтым, неге?! Неткен ессіз едім. Сол керек саған, сол керек! Көптен іздегенің, естімек болғаның осы сөз еді ғой, ал естідің!» – деді ол өзін-өзі табалап. Қанша уақыт өткені белгісіз, сыртқы есіктің сарт етіп жабылғанынан есін жиды. Келген адамның аяқ басысынан, киім шешісінен-ақ оның Сәргел екенін Бағила бірден таныды. Орнынан тез-тез тұрып, креслоны терезе жаққа қаратып қойды да, жаурынын есікке беріп, кітапқа үңілген боп қалды. «Иә», – деген Сәргелдің даусы естілді. Бағила оның телефонмен сейлескенін естімейін деп есікті жауып
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421