де оны биік етіп көрсетіп тұратын-ды. Ежелден таудай қалыптасып, тастай бекіген көзқарастарды ол бірнеше сөзбен іргесін шайқалта салар еді. Онымен қатар–қатынасы тек достықпен ғана шектеліп қалуын қаламайтын әйелдер одан әлгі парасат биіктігіндей биік махаббат талап ететін-ді. Мұндай талап Жасынның ызасын келтіретін. «Сезімді логикаға бағындыру деген есуастық қой, – дейтін ол. – Адам бойында өз еркімен туып, өз еркімен өлетін жалғыз-ақ азат қасиет – ұнату мен жек көру. Енді соны ноқталамаңдаршы!» Олар театрға келіп, бір шетелдік драматургтың трагедиясын көрді. Бүгін премьера болатын. Трагедияның қазақ өмірінен тым алыстығы, проблемаларының ескілігі Бағиланы қызықтырмады. Алматыға келгелі бері бұл театрда үшінші рет қана болып отырғандықтан актерлер ойынына ғана назар салды. Мұндай пікірді де жол–жөнекей Жасын айтқан. Олар машинаға отырды. Бағила алдыңғы жақта, Жасын артқы орында. Қайда деп Бағила тағы сұрамады. Сұрағысы келсе де сұрай алмады және ол Жасынға құлай сенді. Ойлы адамның арзанға бармайтынына сенді. Алдыңғы күні түскен қалың қардан көше көк тайғақ. Машина кейде бұраңдап, кейде көшенің қиылысында тоқтаған жерінен әрең жылжып, цирк атыңдай мың құбылып келеді. Машина түзу көшеге түсіп, аяқ-қолын бауырына ап жүрісін жөндеген соң, Жасын кенет: — Сіздей қызды бірінші рет кездестіріп отырмын, – деді таңқалып келе жатқанын жасыра алмай. Қыз бері бұрылды. — Неге? – Адам қайда бара жатырмыз деп сұрамай ма екен? – Онсыз да білемін. Несіне сұраймын. Жасын үнсіз қалды. Бірнеше секундтан кейін барып таңданысы байыған үнмен: — Оны қайдан білесіз? – деді. — Сіздің телефоныңыз 39 деген цифрдан басталады ғой. — Иә. –Біз қаланың телефоны сол цифрдан басталатын жағына жақындап қалған сияқтымыз. — Мынадай абстракцияңызбен бар ғой, – деді Жасын қызға кеудесін сәл төндіре түсіп, – сіз Ішкі істер министрлігінде тергеуші боп қызмет атқара аласыз. Бұл маған онша ұнап келе жатқан жоқ. Бұндай байқағыштық сіздің бойыңызға жараспайды. –Маған тарихшы болу да, байқағыш болу да, тіпті есімім де жараспайды. Енді не істеуім керек? –Қыз оған жартылай бұрылып сұраулы түрде күлімсіреді. –Атыңызды кез келген, тіпті, еркектің атына болса да өзгертіп алып, киоскіде жергілікті газеттер сатып тұрғаныңыз жарасады. — Одан үлкен қызмет таппадыңыз ба? – Сізге одан артық қызмет жоқ. Бола қалса, әдеміліктің үлгісі ретінде Юнесконың қамқорлығына алынып, бір суық музейде тұрасыз. — Ал, қартайған соң не істеймін? –Онда, сұлулықтың қалай қартаятынының үлгісі боп тұрасыз. Киіммен тұрасыз ба, киімсіз тұрасыз ба, ол жағын халықаралық комиссия шешеді. Бағила күлімсіреп келе жатқан қалпын кілт суытты да, екі беті ду етіп, Жасыннан бетін бұрып әкетті. –Рахмет, – деді ол лып етіп оянған ұяты мен өкпесін танытып. Бағиланың өзіне өкпелеп, біраздан бері
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421