Қ А Р Ғ Ы Н

өзі қалжырап ұйықтап кеткенше балалары мен немерелерінің арасында арлы-берлі тыным таппай жүрер еді. «Әже, қорылдаған адамды неге оятасыз?» – дейтін Бағила. «Түнде адамды шайтан бауыздайды. Сонан соң қорылдайды», – дейтін ол. Әжесінің қорқынышты сөзі бала кезінен санасына сіңіп қалғандықтан ба, әлде, ес білгелі бір өзі жеке бөлмеде жатып тыныштыққа үйренгендіктен бе, Бағила қасындағы адамның қорылдағанын ұнатпайтын. Сол әжесі секілді тап қазір де әкесін ақырын түртіп оятпақ боп оған жақындай беріп еді, кішкене стол үстіндегі жартылай жазылған баяғы қағазды көріп, ол сол орнында әрі-сәрі күйде тұрып қалды. Коридорға шығып, сыпайы жігітпен әңгімелескен аралықта көңілден аздап ұмыт бола бастаған бейтаныс жігіт жайлы ойы мен жастық астында қалып қойған қағаз оның санасында қайта тіріліп, тынышын тағы ала бастады. Ол қолын жайлап созып, сытырын естіртпей қағазды алды. Демі дірілдеп, шын ұйықтап жатқанына ақырғы рет кез жеткізіп алмақ болғандай әкесіне тағы бір қарады да, полкасына отырып қағазға үңілді. Жасы он жетіден енді-енді ғана асқан қызға мұндағы сөздер мүлде жат, мүлде алыс көрінді. Ол әуелі сөйлемнің өзін ә дегеннен түсіне алмай, бірнеше рет қайталап оқыды. «Таңдану мен табыну ешқашан абстракциялы ұғым болып көрген емес, өйткені бұл екеуі тек жеке адамның ой-өрісі мен парасат деңгейіне тікелей байланысты. Ал жеке адамның өзі де, ой-парасаты да әрқашан нақтылы. Айталық, Теккерей, Гюго, Франс, Шиллер (прозалық шығармалары), Скотт т. б. дүниеге белгілі жазушылардың шығармаларына өз басым ешқашан таңқалған да, табынған да емеспін. Осылай дегенім үшін бәлкім маған кейбіреулер тіл тигізер, қайдан шыққан данышпансың, өзің не бітірдің т. т. деген сияқты толып жатқан кінәлаушы сұрақтар қояр. Демек, олар табынушылар. Таңданушыны өз пікірін қайтаруға немесе сүйіспеншілігін бәсеңдетуге болғанмен, табынушыны бетінен қайтару қиын. Ол культ пен фанатизмге ұқсас. Фанатизм мен парасат қатар өмір сүруі мүмкін емес, өйткені олар бір-біріне жау ұғымдар. Фанатизм тек «сауатсыздық» деген ортада «гүлденер» болса, парасат білімді ортада өніп-өседі. Демек, адам неғұрлым көп білген сайын өзінің бұрынғы таңданып, табынып келген нәрселеріне қайта баға бергіш болады. Жоғарыдағы жазушыларға табынбайтыным, тіпті, таңданбайтыным – әйтеуір осылайша біреу-міреу жаза алатын болғандықтан, мұндай шығармалар Адам творчествосының потенциалды мүмкіндігі шеңберінің ішінде жатқандығынан. Керісінше, он сегізінші ғасырдағы көпке белгісіз П.Борель (жиырма үш жасында қайтыс болған) шығармаларындағы философиялық консепциялар мені көбірек қызықтырады, тіпті, оның ешкім ойламаған жақтан келуі, адамдар тіршілігіне төңкеріс енгізбек болған өзіндік ойы таңдандырады. Немесе, орыстың қазіргі жазушысы Д.Гранин «Таңғажайып бұл өмір» (басқаларына таңқалмаймын) аяғын жерден биік көтерген, біреу жазса, біреу жаза алмайтын тақырып, орындалуы өте қиын. Шукшин, Распутин, Астафьев секілді қазіргі шулы авторлар да көңіл аударуға тұрғанмен, адамзат ойына ой қосқан жоқ.

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421