әлденелерді дайындап жатқаны байқалды. Ол аздап күлімсіреген қалыппен қайта келді. – Білесіз бе, – деді ол табылдырықтан өте бере сөз бастап. Сөзінің келесі бөлігін Бағиланың қарсы алдындағы креслоға кеп жайғасқан соң жалғастырды. –Адамның тамақ ішу мен ұйқыға кететін өмірі оның жарты ғұмырын алады. Кейде маған жер бетіндегі адамдар тамақ ішіп-ішіп, ұйқысын қандырып алып өліп кете салу үшін жаралған сияқты боп көрінеді. Үш мезгіл тамақ ішу деген қомағайлықты былай қойғанда есуастық қой. Кейбіреулер бесін тамақты тағы ішеді. Менімше, құдай барып тұрған эгоист, тек қара басын ғана ойлайды. Інжіл мен құранды оқысаң құдай мен Алла адамды мейірі түсіп жаратқан. Мен келіспеймін. Егер құдай адамды шын жаратқан болса, онда да өзі үшін. Жападан-жалғыз сұрланып отыра беруден жалыққан соң адамды ойлап тауып, бүкіл галактикадан тәуір планета таппағандай қияндағы бір алақандай Жерге таратқан да жіберген. Адамдар барға да, жоққа да сеніп жапа тармағай тіршілікке кірісіп кеткен. Санаулы демі, санаулы күні бола тұрса да, бірінің өлігін бірі жерлеп кеп отырса да, ғұмыры құдайдай мәңгі көрініп, түкке тұрғысыз ұсақ тірлігіне қайта кіріседі. Құдайға бұл тиімді. Біздің өмірімізге қарап отырып ішек-сілесі қатып, ернінен күлкі жиылмайды. Біз болмасақ ішқұса боп жарылып кетуі мүмкін ғой? Дегенмен, өзім дегенде құдайдың фантазиясы мықты жұмыс істеген. Молодец! Жасын әлдекімді келеке қылғандай кермек күлімсіреді. Бағила оның кімді келеке еткенін – құдайды ма, адамды ма, ол жағын толық ажырата алмады. Кенет оның жүрегі лүпілдеп кетті. Ол қарсы алдындағы сигаретін будақтатып, адам түгіл құдайды сынап, келеке етіп отырған жігіттен шошынайын деді. Ол кәпірлердің Інжілін де, мұсылмандардың Құранын да оқыған жоқ еді, бірақ грек мифологияларынан, ақын, драматургтерінің шығармаларынан құдайдың адамша сөйлегендерін, тіпті, дауласқандарын да оқыған. Бірақ, ол құдайлар мен қазіргі кездегі құдайдың арасы аспан мен жердей, өйткені қазір Адам ұғымындағы Жаратушы күш боп танылатын ғана құдірет иесі қалды. Жасынның сол құдірет иесін жаңа ғана әкесімен сөйлескендей сынға алып, әзіл айтып отырғаны жас қызды қайран қалдырады. Ол Жасынмен екінші рет қана кездесіп отыр. Осы екі кездесудің аралығында оны әлденеше рет жек көріп те, ол жек көруін тез ұмытып, бірнеше рет қайта ынтығып та үлгірді. Екінші қайтып тілдеспеспін деген реніші Жасынның келесі бір сөзінен, тіпті, сөзсіз байқалған жалғыз-ақ көзқарасы мен қимылынан жазды күнгі бұршақтай лезде еріп, ерігенімен тұрмай өткен жолғы өкпесінің тым ұсақ, аясы тар ұғымынан туындайтынын ұғындырып кететін сияқты. Егер тағдыр Бағиланы мына адаммен бұдан былай да қарым–қатынасын жалғастыруға жазса, (ол басталды) онда өзінің талай суынып, талай ысынатынын ол күн ілгері санамен сезіне бастаған сияқты. –Жарайды, біз мұндай әңгімені қояйық, – деді Жасын сигаретін күл салғышқа
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421