Қ А Р Ғ Ы Н

– Сіздің бұл жерде қанша уақыт отыруға мүмкіндігіңіз бар? Бағила төте қойылған сұрақтан сәл мүдіріп қалды. –Ноль минут, – деді ол көз алдында түйдектелген темекі түтінін қолымен желпіп. – Өйткені мен бағана үйде болуым керек. Керісінше үйге екі сағат қарыздармын. –Рахмет! – Жасын орнынан тұрып, терезе форточкасын ашты. – Жоқ, ашық айтқаныңыз үшін емес, тауып айтқаныңыз үшін. –Сіз әдемі сөйлегенді жақсы көресіз бе? –Жаным жек көреді. Сіз әдемі сөйлеген жоқсыз. Күтпеген интерпретация бар. Білесіз бе, дүниедегі ең ірі оқиғалар: соғыс пен бейбітшілікке дейін сөздің айтылу түріне байланысты… Кешіріңіз, кофе қайнады ғой деймін! Жасын жеңіл көтеріліп ас үйге қарай жүгірді. Сәлден соң кофе қайнатқышты барлық керек–жарағымен подносқа салып ап келіп, екеуінің ортасында тұрған аласа столға қойды. Сонан соң қайта шығып кетті де, жартылай ішілген француз коньягін әкеп қойды. –Түсінем, – деді ол екі шыны аяққа кофе құйып жатып. – Сіз мүлде басқа ортада тәрбиеленгенсіз. Менің барлық сөзім мен ой–пікірім, қимыл–әрекетім, тіпті, сізді әйел–балам бола тұрып өз шаңырағыма ертіп әкелуім алдымен өзіңізге, сонан соң естіген жат құлаққа ерсі, түсініксіз боп көрінуі мүмкін. Қайтеміз, әркім өз түсінігіне, өз өрісіне қарай бағалар. Адамға еш нәрсе бастан–аяқ ұнаған емес, тіпті, әлгі айтқан құдайды да көп ретте ұната бермейміз ғой. Сынаймыз, қарғаймыз, тіпті безінеміз. Ал, құдай емес, өзегінде өлімі бар жай ет пен сүйектен тұратын адам жайлы не демейміз. Ең бастысы – өз ісің мен пікіріңнің дұрыстығын дұрыс түсіне білуде. Қалғандары екінші пландағы нәрсе – өмір сүрудің техникалық жағы. Оған ақыл-ойдан гөрі аз ғана қулық пен аз ғана арамдық жетіп жатыр. Егер менің бүгінгі тірлігім сізге орынсыз да өрескел боп керінсе, солай ойладыңыз деп сізді кінәламаймын. –Иә, иә, тым өрескел көрінгені рас, – деді Бағила, кофеден бір ұрттап. – Ренжімеңіз, сіз әйеліңізді жақсы көресіз бе? Жасын мырс етіп езу тартты да, кофесіне бір шай қасықтай коньяк құйды. — Сізге де құяйын ба? — Жоқ, мен бұлай ішіп көрген емеспін. — Ендеше көріңіз. – Ол Бағиланың да шынысына бір–екі тамызды. Сонан соң кофеден бір ұрттап, креслоға шалқалай отырды да, Бағилаға тесіле қарады. Өзіне тура қадалған оқты да салқын жанарға төтеп бере алмай, көзін қарып алармын деп шошынған адамша қыз бірден кірпігін төмен құлата қойды. –Әйеліңізді ұнатасыз ба, балаларыңыз сізді жақсы көре ме, мамасын ба, осы әйеліңізді сүйіп алдыңыз ба, әлде жай қосыла салдыңыз ба, өміріңізде біреуге ғашық боп көрдіңіз бе, сүйген қызыңыз (!) бар ма, тағы-тағылар, тағы-тағылар? Жүрек айнытатын сұрақтар! Нашар жазушының нашар повесіндегі нашар кейіпкерлерінің бір-біріне қояр сұрағы. Бұл сұрақтар адам түсінігі мен білімінің

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421