жатқанын көрсетеді. Бағиланың екі бетіне қан теуіп, ернін тістелеп, сүйріктей саусағымен алдындағы шыны аяқты айналдыра берді. Бір сәтке өзін қорсынып, кісі көңіліне қарамайтын әйел заты екен деп аямайтын мына жігіттің алдында намысы жер болғандай сезінді. «Мен мұнда неге келдім? Шынында неге келдім? – деді ол ыңғайсызданғаннан екі қолын қоярға жер таппай бірде шыны аяқты, бірде тізесін ұстап. – «Адамды азап айдайды» деген рас болар. Тіпті, «жүріңіз» деп өтінбесе де «Қайда келе жатқанымды білемін, несіне сұраймын», – деп данышпанси қалуыма жол болсын. Енді келіп жан баласынан естімеген сөз естідім. Бәлкім… бәлкім солай-ақ шығар, менің тәрбием басқа, білгенім аз шығар, – деді ол іштей жыларман халде ойын жалғастырып, – енді сол үшін кісінің намысын жыртып, арына тию керек пе? Жұрттың бәрі Жасын болу керек пе? Олай талап қоюдың өзі білместік қой, тіпті есуастық, иә, есуастық. Неге айтпаймын, осы ойымды оған естіртіп неге айтпаймын? Бәлкім ол менің әлі балалығымды пайдаланып осылай өктем сөйлеп отырған шығар. Кету керек, кету керек, бұл жерден!..» – Мен сіздің келесі сұрағыңызға жауап берейін, – деді кенет Жасын Бағиланы таңқалдырып. – Бұл сұрақ айтылмаса да ойыңызда тұрғаны анық, оған талас жоқ. Сізді мұнда шақырған себебім… ешқандай себеп жоқ. Қандай бағытта, қандай әуенде болса да ойым осылай отырып әңгімелесу болды. Мен сізді арзан ортаға қимаймын. Неге екенін өзім де білмеймін, білсем білетін де шығармын… бар білетінім тұғырға қонар сұңқар боп жаратылып, қарға мен жапалақтарға ілесіп бұтаққа қонып қала ма деп қимадым. Адамның тұлға боп қалыптасуы үшін оның жаратылыс берген қабілеті аз, ол қасиет араласар ортаңа байланысты. Кіммен дос болсаң, кіммен сырлас болсаң сол деңгейден сен де аса алмайсың. Ах, мен ғақлия айтып кеттім ғой деймін. Жетер. Есіңізде болсын, егер сіздің пайымыңыз болмаса, мен сізді әңгімеге тартпас та едім. Коньяк қосқан кофе қалай екен? – Қайдам, – деді Бағила қайтадан езу тартып. Шынында, әлгі бір ыңғайсыз сәтте отырып ол коньяктің, кофенің дәміне де назар аудармаған-ды. Жасын арнайы сұраған соң, суып қалған кофеден тағы ұрттады да, бір-екі тамсанып барып: — Жаман емес, – деді. — Оны қайдан білдіңіз? — Дәмінен-дағы. — Бұрын ішіп көріп пе едіңіз? — Жоқ. — Енді неге өтірік айтасыз! Жаман емес деу үшін бұрын ішіп көруіңіз керек. – Сізден әкеңіз неше жас үлкен? – деді Бағила кенет. Жасын тосын сұрақтан кеудесін көтеріп алды. – Қанша үлкен болу керек болса сонша. –– Сіз үлкен адам мен баланың арасын шатастырып алған болуыңыз керек. Ол кісімен баладай жылы сөйлесесіз де, менімен қарт адамдай сөйлесесіз. Жасын оған қарап отырып қалды.
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421