жылылық үйіріліп, айтарын айтып сап, «барым осы, енді қайтесіз», дегендей бір бойында бойжеткендігі мен балалығы қатар үндескен бейкүнә, бейтарап намысты қызға көңілі сүйсініп, төңірегінен естілер ойлы сөзге қашан да түрік жүретін құлағының құрышы қанғандай болды. Ойлар, тағы да ойлар. Бірімен-бірі шырмауықтай шатысып, бірінен соң бірі туындап, адамның өз миына өзі тыным бермейтін, шетсіз, ойлар. Естісі де бар, есері де бар, сырбазы да бар, сұғанағы да бар. Бір бастағы бір ой бір ойға қарсы, бір ой бір ойға дұшпан; бірі – алтын, бірі – ұры. Осы қас қағым ғана сәтте Жасынға да ойдың талайы кеп, талайы кетті. Қол созым жерде ғана отырған қыздың өзінен тым–тым алыста екенін бір сезіндіріп, бір елестетіп өткенше Жасынның басқаға айтып түсіндіре алмас кезбе ойлары шартарапты шарлап барып қайтып еді. Адам миы мен жан дүниесінің күрделілігі сондай, бір адамды еш уақытта екінші адам әлгі адамның дәл өзіндей түсіне алмайды, түсінуі мүмкін емес. Жасынның бір ғалым кейіпкері (философ) студенттерге лекция оқып тұрып: «Адам миы – құдай фантазиясының тамаша жетістігі» деген еді. Ол бір-екі минутқа созылған осы үнсіздіктің ішінде бұрын жазған өз тұжырымының дәлдігіне тағы көзі жетті. Осы үнсіздіктің ішінде-ақ ол мына өмірдің жазғы нөсердей өткінші екенін, уақыт деген құдірет жанды мен жансызға сездірмей ғұмырын талай берерін, анадан шыр етіп туғаннан бастап адам баласының қартаюға бет алатынын тағы шолып етті. Уақыт – ұрының қолында кеткен өз қасиеттерінің бірі – әйелді сүю, әйелді ұнату екенін ол алғаш рет сезінді. Жоқ, ол әлі де әйел затын ұната алады, тіпті, дәл алдында отырған қыз болмаса да дәл осындай басқа қыздың жүрегін өзіне қарата алады, тіпті, бес жыл, он жыл өткен соң да ол қартайып қалмақ емес, керек десең әйел баласын бұдан былай ұнатпай-ақ, құлай берілмей-ақ ғұмыр кеше алады. Жасыннның жанын құлазытып кеткен нәрсе нақтылы біреуді ұнату, ұнатпау қақысы емес, адам бойындағы мүмкіндік болатын. Осы отыз бір жыл өмірінің ішінде ол адамға тән басты қасиеттерінің бірінен – алаңсыз сүю еркінен айрылыпты. Ендігі сүю, ендігі ұнату бала бүркіттің әрекетіндей емес, кәрі бүркіттің әрекетіндей жасқана келерін ұғынды. Бұл бұтақтан аққан тамшы болса, Бағила немесе Бағила тектес қыз бұлақ тамшысы, екеуінің де көлемі мен түрі ұқсас болса да қасиеттері бөлек. Бұл кермек, ол тұщы. Кермек тамшыға тұщы тамшы қосылғанда ол да дәмін өзгертеді. Осы ойға кеп тірелгенде Жасынның ойын орны толмас бір сезім торлап алса да, екінші бір ой: «Әлі де жоғалтарың көп, опына берме», — деп жылт етіп, болашақ кәріліктен хабар беріп, оның көңілін тәубеге түсіріп өткендей бодды. Ол орнынан тұрып, терезеге келді
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421