боласың. Солай емес пе, Сэр? –Неге? Еркелесін, — деді Сәргел бәтеңкесінің ішіне түсіп кеткен ұсақ тастарды сілкілей түсіріп жатыр. –Қалай, қалай? Сур, Сэр деген не? — Қаратай үшеуіне кезек-кезек қарады. –Сур деген –сурет. Сэр деген –Сәргел. — Мәлике аяғын тастай суға малып отырып мән-жайды оп-оңай түсіндіріп шықты. Қаратай Сәргел мен Бағилаға тағы кезек қарап алды да, бар ықыласымен кеңкілдей күлді. –Сенің фантазияңда шек жоқ, Мәлике. –Ал өзін кім деп атайтынын білесіз бе? «Лике» деп. Алдыңғы бір буынын алып тастасаңыз «Лике» боп шыға келеді. –Ай, сендер кісіге ат қойғыш екенсіңдер ғой. Маған да айдар тағып жіберерсіңдер. –Лике, одан тайынбайды. Әзірге ұялып жүрген болу керек, — деді Бағила «Рас па?» дегендей оған қарап. –Мүмкін, — деді Мәлике аяғын судан алып. — У-у, тастай екен, сүйегімнен өтіп кетті. Қаратай күлкі арасында Сәргелге қарап еді, оның құлағы қызарып, кеңірдегінен әлдененің ары-бері қимылдай бастағанын көріп, күлкісін баяулатып барды да, тоқтата қойды. Інісінің алдында ұялып, намыстанып отырғанын сезді. Сәлден соң олар қарағай арасынан жабайы бүлдірген теруге шықты. Осындай бір сәтте Қаратай мен Бағила оңаша қалды. –Папа, — деді Бағила оның қасына жақындай беріп. –Есіңізде ме? Былтыр поезбен осында келе жатқанда бір жігітті купеден қуып шығып едік қой. Қаратай бүлдірген теріп жатқан бойы кеудесін көтерместен қызына қарады да, сәл ойланып тұрып басын шайқады. –Қалай есіңізден шығып қалған? Арық келген, шашы ұзындау жігіт. Халықаралық вагонда. Сіз екеуміз бір купеге орналасамыз деп… — Ә-ә, иә-ә! Әйтеуір біреуді қуып шыққандай болғанымыз есімде. –Қуып шыққандай болған жоқпыз, қуып шықтық қой. Қаратай бойын тіктеп, қызына сұраулы пішінде қарады. –Иә, оны неге айтып тұрсың? –Сол жігіт белгілі жазушы екен. Жасын Мәдиев деген. Естуіңіз бар ма еді. Қаратай ойланған боп біраз мүдіріп қалды. –Естігем жоқ-ау, деймін, — деді ол қызының алдында өзін ыңғайсыздау сезініп. –Жоқ, естігем жоқ, — деді артынша білмейтінін мойындап алған соң үзілді-кесілді жауап беріп. — Иә, айта бер. –Айтатын ештеңе жоқ. Тек сізге, біздің купеден қуып шыққан адамымыздың жұртты шуылдатып жүрген жазушы екенін айтқым келіп еді. –Болса болар, — деді Қаратай қызының «аты шулы жазушы» деп тақай бергеніне тоқмейіл дауыспен тойтарыс беріп. –Сол жазушыны бір кезде қуып шыққанымыз үшін сіз өкінбейсіз бе? — Бағила балалық еркелігімен араластырып әкесіне сынай да, күлімсірей де қарады. –Несіне өкінемін, — деді Қаратай тағы да сол баяғы өзі үйренген үстем үнге көшіп. — Танысам екен, шығармасын оқысам екен… –Сіз ешкімді де оқыған жоқсыз ғой. –Бағила, — деді Қаратай қатал дауыспен. — Алматыда бір жыл оқыдым деп менімен білім жарыстырғың келе ме? Менің білімім мен
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421