Қ А Р Ғ Ы Н

маған көп әсер етеді. Өйткені, ең құрығанда ол өзі жайлы да әрі батыл, әрі өткір сын айта алады. Ал, қазақ әдебиетіне, оның енді қалыптасып келе жатқан көркем ойлау мен көркем прозасының профессионалдық дәрежесіне, оның өкілдеріне баға берер болсақ…» Бағила қағаздан көзін алмаған бойы отырып қалды. Мұндағы айтылған ойлар, адам аттары да оның бұрын-соңды естімеген, білмеген нәрселері еді. Ол таңданарын да, табынарын да білмеді. Және бұл екі ойдың екеуі де мына бір бет қағазда алдын ала жазылып қойыпты. Таңдану мен табынудың түп төркіні парасат пен білімнің саяздығына саятынын әлгі қағаз арқылы байқаған қыз таңдануға арланып, таңданбасқа шарасыз қалып танытып, осы екі ойдың аралығында тағы дел-сал күйге түсті. Әйтсе де, бейтаныс жігіт қалдырып кеткен осы бір парақ ой оны айрықша бір биікке көтеріп, өз ойындағы бұрынғы биіктерін табан асты аласартып кетті. Коридордағы жігітті есіне алды. Көз алдына оның білімсіз бейшара қалпы, соған қарамастан тек жалған намыс ұялаған құр кеудесі көз алдына елестеп, еріксіз жымиды. Бейтанысты қайта есіне алды. Өзінің таңданбауға тырысқанын, олай етуте намысы жібермегенін ойлады. Жалған намыс… Жалған намыс өз бойында да жатқанын, жасырын жатқанын ұғынды, ұғынган сәтте өз-өзінен шошыды. «Сонда қалай? Жалған намыс жұрттың бәрінде де жасырынып жатқаны ма? Жо-жоқ, олай болуы мүмкін емес, мүмкін болса да менде жоқ. Иә, менде жоқ». Жалған намыс – адам өз әлсіздігін, өз дәрменсіздігін сезінгенде ғана бас көтерерін, оның білімсіздікпен егіз екенін Бағила білген жоқ, олай болар деп әзірге ойламады да. Бірақ, өздері купеден қуып шыққан жігітке осы уақытқа дейін жанашыр сезім танытып келсе, дәл осы минуттан бастап оның орнын өкініш ауыстырғанын аңғарды. Ол жігіттің кім екенін білмесе де, әйтеуір өздерінен бір емес бірнеше елі жоғары тұрғанын, оның осы уақытқа дейін өзі көріп, сөйлесіп, араласып жүрген адамдарынан, тіпті, жат ұяны зорлықпен мекендеп, бейғам жатқан мына әкесінен де биік екенін ұғынды. Және, қан базардай қайнап жатқан мына өмірде бір кездесе кеткен бейтаныс адамды өз әкесінен жоғары қойғанына, әуелгіде намыстанды, намыстанса да оған көнбеске болмасын, бір парақ қағаз болдырмасын еріксіз мойындады. Өзіңнің өзгеден төмен екеніңді мойындау қорлықтың атасы екенін, білім мен парасат үстемдігін жеңер ешқандай қайрат, ешқандай қару да жоқ екеніне Бағила осы тұста ой жіберді. «Ойлы адамға қызық жоқ бұл жалғанда…» Осы бір өлең жолы, неге екені белгісіз, Бағиланың шатысып, шарпысып бара жатқан алыпқашты арпалыстарының арасынан ауық-ауық бас көтеріп, оны тереңге жетелей берді. «Ойлы адамға неге қызық жоқ?» «Абайдың мұнысы несі?» – деуші еді. «Ойлы, әділетті адам түбінде жеңеді, оның мерейі үстем болады, ол еңбегінің, білімнің, ойының зейнетін көреді», – деуші

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421