басқа. Білмегенімді толықтырсын деп адам бала тәрбиелейді. Тоқтат! Бағила үнсіз қалды. Бұдан ары қарай ол жігіт жайлы да, әкесі айтып тұрғандай «білім жарыстырғысы» кеп тереңдемек те ойы жоқ болатын. Бірақ әкесінің табан асты ашу шақырып, оның алдын кесіп тастағаны көңіліне кірбің түсіріп өткендей болды. Осыны секемшіл әке көңілі сезе қойды да, қызының қасына кеп, оның қап-қара шашынан сипады. –Әкеңе өкпелеме, — деді әлгіге мүлде ұқсамайтын, жұп-жұмсақ, ұяң үнмен. –Әкеңе өкпелейтін, әкеңе ренжитін адам онсыз да көп. Келістік пе? Бағила үнсіз басын изеді, бірақ көңілінде оған деген сынаптай салқын кірбің қалып қойғанын, оның ешқашан тарамасын, өйткені, әкесінің бұдан әрі өзгермесін, өмірінің соңына дейін осы деңгейден, осы түйсіктен, өзіне деген сенімінен таймасын сезді. Соны сезінген кезде ішкі дүниесінде оған деген аяушылығы да оянды. Қаратай Сәргелдің докторлығына көрімдік деп мың сом тастады да, сол күні кешке елге ұшып кетті.
ЕКІНШІ БӨЛІМ
Арада алты ай өтіп, жаңа жылға бір-екі жеті қалғанда Сәргел докторлық дипломын қолына алып, көптен алаңдаған көңілі бір тынды. Диссертациясын қорғап болған соң-ақ Алматыдағы ғалым біткен бар жұмысты тастап, тек бір мәселемен — Сәргелдің докторлығын қалайда бекіттірмеу мәселесімен айналысып жатқандай. Қаратайға сары уайымын хатпен де, телефонмен де зар илеп айтумен болды. Соңғы рет хабарласқанда Қаратай табиғатында жоқ мінез танытып, ағасына зекіп тастаған. Бұл сүзек болған адамдай бірнеше күн бойы қуарып, өз басына өзі ақырзаман тудырып, іс насырға шапты деп түйген-ді. Түнемеге ұйқы көрмей, ас үй мен коридордың тозығы жете бастаған паркетін сықырлатып жүріп алатынды шығарды. Миллион рет жүріліп өткен «Ac үй — коридор» «Ас үй маршруты» өз жемісін де берді: қолынан ештеңе келмесін білсе де ол бір күні аяқ астынан Мәскеуге жүріп кетті. Болар-болмас доктор түгілі, мүше-корреспонденттермен әрең сөйлесетін аттестациялық комиссияда «О, пәленше-еке» деген ешкім бола қоймаса керек, айдаудан қайтқандай Сәргелдің жағы суалып, көзі шүңірейіп, пұшайман болып оралды. Жайшылықтың өзінде төңірегіне күдікпен қарап, уайым олжалап жүретін ол мына оқиғадан соң мүлде мазасыз боп алды. «Маған жандарың ашымайды, сендерге бәрібір», — деп ол үй ішіндегілердің апшысын бидайдай қуырды. «Ешкім менің доктор болғанымды қаламайды, өйткені көре алмайды. Бәрі де күле кіріп, күңірене шығатын адамдар. Өзінен озған былай тұрсын, осы күні қатарлассаң да жұрт күндейді. Бәрі жау, бәрі! Бұ заманда дос жоқ, «мен, тек мен, өзім болсам» деген кез. Өзінен артылғанын ғана досына береді, иә, артылғанын ғана. Ешкімге сенбеймін. Өз ойың өзіңе жау боп тұрғанда басқаға қалай сенбекпін! Әйеліме ме? Еркектің бірінші жауы — әйел!» Еркектердің ашу үстінде қимасына да тіл тигізіп, от басындағы әйелден жаман боп кетерін, сабыр сақтап күте тұрсаң баяғы
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421