Қ А Р Ғ Ы Н

арнасына қайта түсерін Мәлике жақсы білетін. Бірақ, Сәргелдің бұл сөздері басқа еркектердей тасыған кезде түбіндегі тасын бетіне ойнатып шыға келетін ашу өзенінің қасиеті емес, туа біткен оңаза мінез, ызбай көңіл, күлді бадам түйсік, секемшіл сезімдерден екенін де ұғып бітті. Ол күйеуімен қарсыласуын да қойып, жұмысына әдеттегіден ерте кетеді де, жоқтан өзгені сылтау етіп кешірек қайтады. Бұрынғыдай шегір көзбен қарсы алып, жүрек сыздатар сұрақты бастай берген Сәргелге, «Прекрати, пожалуйста!» — деп қабақ шытып, оның масадай ызыңдап көтеріліп келе жатқан сөздерін топырлатып кеудесіне қайта қуып тығады. Әйелінің үзілді-кесілді орысша тойтарыс беруі Сәргелді тұйыққа тіреп тастайды. Демек мұндай сәтте ол неден де болса тайынбайды деген сөз. Сол сергелдең мен қырғи-қабақ күндер артта қалып, енді жаңа жыл мерекесіне жылдағыдан ерекше дайындалып жатқан кез еді. «Мәлике, — деген әйелі мен екеуінің арасы біршама жарасым тауып, көңілдері орныққан кезде Сәргел оның қасында жатып, — бұл жаңа жыл ерекше жаңа жыл — ғылым докторының үйінде өтетін жаңа жыл. Есіңде болсын!» «Зәлім, — деген іштей Мәлике, — мақтаншағын көрдің бе өзінің! Білеміз қалай доктор болғаныңды. Үш ауданның он жылдық тарихын тіздің де шықтың. Кімге керек ол? Не үшін керек? Сол аудандарға екі-ақ рет бардың, зерттеуге уақыт қимадың, мені қызғандың. Бар фактілерді өздері жіберіп тұрды. Сол да ғылым ба, сол да мақтаныш па?» —Жарайды, жақсылап қарсы аламыз, — деген Мәлике де күйеуіне қарсы келе беруден жалығып. Сәргелдің әйелінің жанына көптен бері жатып тұрғаны осы еді. Қабақ салқындаған соң төсек те салқындап, екеуі екі кереуетте үнсіз жатып, үнсіз тұрып кететін Мәликенің өз пікіріне қосыла кеткеніне сүйсініп, Сәргел көзін жұмып, шалқалап жатқан оның төсін сипалады, қолы бірте-бірте төмендеп, тіміскіленіп бара жатқан кезде: —Қойшы, орныңа барып жатшы, — деді Мәлике Сәргелдің уілдей бастаған танауынан бетін бұрып әкетіп. Сол сәтте жаңа жыл мерекесін тағы салқын қабақпен қарсы алу қаупін сезе қойған ол Сәргелді жұбата салмақ боп: — Ерте тұрып салат жасаймын, — деді бейбіт үнмен. Сәргел немқұрайды салқын сөзден суып үлгірген айырдай ұзын қолын айылдай жинап алды да, құдыққа түсіп кеткен адамдай ләм деместен үн-түнсіз қалды. Әйелінің өзін төсектен не қуғанын, не қумағанын анық біле алмай, сондықтан, не ашуланарын, не ашуланбасын тағы ажырата алмай, көңілін ертеңгі үмітпен жұбатып, өз төсегіне қарай тұрып кетті. Сәргелдің гуілдеген танауынан құтылу үшін түндегі айта салған сөзі өзіне таяқ боп тиіп, Мәлике амалсыз ерте тұрды да, дайындығы жоқтығына қарамастан қолына түскен нәрседен салат жасап, өз тірлігіне өзі іштей күліп, асығыс жұмысына шығып кетті. Мәлике кешкілік жұмыстан қайтып келгенде, Сәргел залдың есігін айқара ашып қойып, диванда жападан-жалғыз

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421