оны да сот процесінің кезінде біліп алуымызға болады. Мәлике жағдайдың тым ушығып бара жатқанын сезді. Егер Сәргелді бір амалын тауып тоқтатпаса, мұның түбі үлкен шуға айналарын, Бағиланың жүрегіне жазылмас жара түсерін, ең соңында, Жасынның да басы дауға қалып, шаңырағының шырқы бұзыларын түсінді. –Сэр, — деді ол жалбарынған, жыламсыраған дауыспен. — Егер басқа амал қалмаса мен ажырасудан арланбаймын, бірақ мәселе онда емес қой. Егер бәрін айтып берсем сенесің бе, түсінесің бе? — Егер сіздің де айтатыныңыз Бағиланың сөзі болса, мен сенбеймін. — Қалай, ол да үйде ме? – Бәрі үйде. Мен жоқта осы үйде үш әйел қалғансыздар, үшеулеріңіздің де төрт көздеріңіз түгел. Бірақ, Мәнсия бұл оқиғадан мүлде хабарсыз екен, сендер иә, сіздер оны өз топтарыңызға қоспапсыздар. Сіздерге оңашалық қажет болған! —Манс сенен гөрі маған жақын, әйтсе де, оның мінезін білесің ғой, өзі де қосылмайды. — Біз көп дауласып кеттік білем, — Сәргел басын тағы бір кегжең еткізіп. — Сонымен, ол адам кім? Жасырмай айтыңыз! –Мәлике Сәргел жүрісін тоқтатып, екі қолымен столды тіреп, өзіне құлағын тігіп, көзін тіктегенде барып: —Мұндай мәселемен еркектің шаруасы болмаса керек еді, амал қанша, — деді иығын қозғап, — Біз бұл дауымызбен Бағиланы жерге қаратамыз ғой. Ұят емес пе? —Үйге еркектің келуі ұят болмағанда, оны кім деп сұрау ұят па? Иә, ол кім? Аты-жөні, қызметін айтыңызшы. Бәлкім, сонда сеніп қалармын. —Немене, бұл үй бөтен адам кірмейтін, темекі шегуге болмайтын аурухананың реанимациясы ма? — Сіз сұраққа жауап беріңіз! —Япырмау, түсінсеңші! Қарындасының ұнататын адамының аты-жөніне бүйтіп қадалған кімді көрдің! Оны біліп алғанда саған не түседі? Жасырды деп ашуланасың, Мәскеуден келгеніңде үйде кімнің болғанын айтып алдыңнан сүйінші сұрап шығуымыз керек пе еді? —Жоқ, сен қарындасымды қалқан қылма. Сені ұстап беру оған да оңай емес! Мәликенің мынадай сұмдық ойдан шарасы таусылып, сөз айта алмай тығылып қалды. Бір сәтке кеудесін ашу-ыза кернеп, бәріне қолды бір-ақ сілтеп, екі баласын жетелеген бойы үйден біржолата шығып, жүре бергісі келді. —Сен… сен мені де өлтіресің, — деді ол сәлден соң кеудесін қолымен басып. — Сыбырлағыңа шейін арамдық жайлаған. Сенің арамдығың адалды арам етеді. Айтарымды айттым, ары қарай арың мен арамдығың білсін. Ол буынынан әл кетіп, орнынан тәлтіректеп тұра бергенде есік аузында тұрған Бағиланы көрді. Жылаған болуы керек, көзі мен екі беті сәл қызарып, домбығып қапты. —Лике, — деді ол Сәргелге назар аудармастан. — Сіз мен үшін көз жасыңызды төкпеңіз. Мен жатақханаға кетем. Бұл жерде енді тұра беруге болмайтынына көзім жетті. Шаңырақтарыңыздың шырқын осы бұзғаным да аздық етпес! Бағиланың бұл үйден кетуге шынымен шешім қабылдағанын жанында
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421