саквояж бен портфельден байқап, Сәргел мен Мәлике бір-біріне қарасты. Сәргелдің жанарында «Бұл қалай?» — деген таңданыс тұрса, Мәликенің көзқарасында «Осыған жетіп тындық», — деген табалау жатыр еді. Бағиланың бұл үйден кетуі, шындап келгенде, өзіне ешқандай туыстық ауыртпалық артпайтынын Мәлике әйелге тән шапшаң оймен шолып өтті. Расында, егер бұл Сәргелге тимесе Қаратайдың да, оның толып жатқан жора-жолдасын, әйел, бала-шағасын, мына тұрған Бағиланы да білмес еді ғой, бір-біріне мүлде бөтен адамдар ғой. Күйінсе өз туысы Сәргел күйіне берсін! Өзі қас пен көздің арасында осылай ойласа да кеудесін аралап өткен теріс пиғылдан өзі шошынды. Адамды бір-бірімен туыстық қатынас емес, мейірім мен махаббат туыстыратынын, ол жақындық өз туысыңнан да қадірлі боларын ойлады. Осы бір жарым жылдың ішінде ол Бағилаға мүлде бауыр басып, онсыз өмір сүре алмайтындай етене жақын болып алып еді. Қолына саквояжі мен портфелін ұстап, сол ең жақын адамының, ішкі сырын түгел ақтарар адамының кеткелі тұрғаны оған жай оғындай әсер етсе де, Сәргелдің не дейтінін күтіп, шыдам бақты. — Бұл не, маған қыр көрсету ме? — деді Сәргел қасына барып. — Жоқ, өз еркіммен, — деді қыз күбірлеп. — Қалауымша тұруға болады ғой, Лике, солай емес пе? — Ол Мәликеге қарап, зорлана күлімсіреді. «Сайтан жылап тұрып күлсе де, күліп тұрып жыласа да әдемі!» — деді Мәлике іштей. Сәргелдің көз алдынан үш адамның портреті — әуелі Қаратай, оның министрліктегі досы, ректор елес беріп өте шықты. Егер мына қыз тентектікке салып, бұл үйден біржолата кететін болса, әлгі үш адамның үшеуі де сол елес сияқты мұның өмір жолынан ғайып болатындай көрінді. Сол үшеуінің ғайып болу, болмауының бір ұшы осы қаршадай қызда жатқаны Сәргелді ызаландырса да, өзін байсалды ұстауға тырысып сөз бастады. —Бәрің бастарыңнан сөз асырғыларың келмейді, — деді ол бауырмал, жұмсақ үнге көшіп. — Айып болса да айтайын, ерте ме, кеш пе, жаман ба, жақсы ма, сен де тұрмысқа шығып, үй боласың. Сол кезде адал өміріңе сырттан сұғанақ қол араласса, жылы ұяңды жылан аралап өтсе, қай қайсың болса да ашынарсыңдар, тіпті менен де жаман әрекетке баруларың ғажап емес. Енді кеп өзім байқаған, балаларым көрген шындықты айтсам, бірің ер-тоқымыңды баурыңа ап тулайсыңдар, бірің бәдәуидей арқаланып шыға келесіңдер. Соның бәрін біле тұра, сендердің ойларыңша, мен үндемеуім керек пе еді, дұрыс деп құптауым керек пе еді? Кінә сендерде, бірақ сен кетсең ел-жұрт не дейді, ауылдағы ағайын не дейді, Қаратай қалай ойлайды? «Бір қарындасын сыйыстырмады» демей ме? Бар, заттарыңды орнына апарып қой! — Ол Мәликеге қарады да: — Неге тұрсың, көмектес! — деді бұйырып. – Мәлике Сәргелдің «сізді»
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421