Қ А Р Ғ Ы Н

«Мен әрқашан өз әулетіміздің тазалығын қоғам алдында да, адам алдында да қызарар тірлік жасамауын, алып-қашты сөздерден аулақ болғанын, көбірек ойлаймын», — депті ол хаттың соңғы жағында. Қаратай балапанның ізіндей айқыш-ұйқыш, ірі-ірі жазуларға үңіліп отырып, әрең оқып шыққан. Ертеңгі шайдың кезі болатын. Ауданның ең алыс, шекаралық совхозында малдың жайы жаман деген хабарды кеше естіп, мал шаруашылығы бөлімінің бастығының міндетін атқарушы Тұрғатты қасына алып, ертемен солай жүріп кетпек еді. Бұл бөлімнің меңгерушісі пенсияға кетіп, Қаратай күзден бері осы жұмысты қолынан іс келсе, көрейін деген оймен Тұрғатқа уақытша тапсырған. Әйелі столға ертеңгі асты әкеп қойғанынша қарай тұрмақ оймен хатты аша салып еді, сол бойы отырып қалды. Ол бір кесе ыстық шай мен екі-үш жарпа етті аузына сала салып, орнынан тұрды. —Денсаулығыңды бұзасың ғой, тамақ ішіп алсаңшы, — деді әйелі оның бұл сөзден соң қайыра отыра салмасын білсе де жанашу танытып. — Машина кеп қалды. Әне, күтіп түр. — Әлгі нәрсе не, хат па? Сонша үңілдің ғой? — Жай… Сенің үстіңнен түскен арыз! — Кім жазыпты? — Ол да әзілге орай сұрақ қойды. — Студент кездегі қыздарым. Олар қартаймапты, әлі сол күйінше екен. — Олар не дейді? — Не деуші еді, әлі үміт үзбепті. — Бар. — Міне, кетіп бара жатырмын. —Сол жақтың магазиндерінде фламастер болса ала келші, балалардың миымды жегеніне үш күн болды. Совхоздарда болып қалады. Қаратай әңгіменің тұрмыс қажетімен біткеніне күліп алды да, үйден шығып кетті. Батыстан соққан желкем кеше кештен бері жауып тұрған қиыршық қарды жерге бір қалыпты қиғаш қондырып, онысына көңілі толмағандай кей-кейде екіленіп, еркінсіп алады да, қайта қалпына түседі: —Асфальт біткен соң ары қарай жол бар ма екен? — деді Қаратай аудан орталығынан шыққан соң. —Жол жоқ деп естігем. Совхоз орталығына жеткен соң басқа машинаға мінеміз. Түнде директормен сөйлестім, бәлкім, трактормен жол ашып қойған шығар. — Тұрғат іскерлігін көрсетіп алғысы келіп, жағдайды нақты баяндауға тырысты. — Төрт шопаннан әзірге жүз қырық бес қой шығынға ұшырады. Кейбір бөлімшелерде ірі қарадан өлгендер бар. — Ең көп шығынға ұшырағаны қайсы? — «Бүргендідегі» шопан. Есіңізде шығар, былтыр сізге бір шаруамен келіп жүрген. Жасы елулерге тақап қалған, жеті баласы бар, денелі кісі. — Есімде, есімде, — деді Қаратай. — Келген. — Жалтыр бас. —Онысын қайдам, кеңсеге келгенде жаутұмағын шешкен жоқ. — Қаратай мырс етіп күлген соң машина ішіндегі шофер мен Тұрғат та кеңкілдей күлді. —Ондай мінезі бар, — деді Тұрғат, шопандардың әрқайсысын жақсы білетінін танытып. — Райкомға келгенде бас киімді алуды да білмейді-ау, жарықтықтар. Екі сағаттан соң олар совхоз орталығына жетті. Совхоздың

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421