Қ А Р Ғ Ы Н

саналатын төбе басында оларды директор мен тағы үш-төрт жергілікті басшылар күтіп тұр екен. Қаратай оларды көрген соң машинадан түсіп, бәрімен кезек-кезек қол алысып амандасып шықты. —Анда мал қырылып жатыр, бәрің үйде отырсыңдар ғой, — деді Қаратай директорға қарап, салқын қабақпен. —Сіз келеді деген соң… — Ол әлдене деп ақтала бастап еді. Қаратай оның сөзін бөліп жіберді. — Сонда мен осы жаққа сендерді түгендегелі келеді деп пе едіңдер! — Қаратай Исаевич, орнымыздан табылайық дегеніміз ғой. —Сендердің орындарың анда — мал қырылып жатқан жерде! — деді ол белгісіз қыстау жаққа қолын сермеп. —Маған өзің қалсаң да жетесің. Ол жаққа жол бар ма? — Бар. Түнде екі грейдер кеткен. —Түнде? Мен келеді деген соң? Ал, мен келмесем ше? Құс боп қатынайтын ба едіңдер? —Қаратай Исаевич, қарап жатқан жоқпыз. Техниканың бәрі қар тоқтатуда жүр. Екі грейдерді сол жақтан алдырдық. Қаратай директорға, сонан соң әліптің артын бағып, үрпиіп үнсіз тұрған қалғандарға жағалай қарап шықты. —»Мал қора бітті, тауық қораға ағашты қайдан аламыз?» «Мал қорадан». Володя, кешегі журналды көрсетші! Қазақшаны қалада өскен қазақтардан он есе жақсы білетін орыс жігіті тонының ішкі қалтасынан бір сатиралық журналды алып, прораб пен директордың сөйлесіп тұрған сәті бейнеленген карикатураны оның қолына бере қойды. —Міне, көріңдер! — деді Қаратай журналды директорға ұсынып. — Сендердің де тірліктерің осы. Егіске дайындалып жатқан техниканы алып жол тазалауға жұмсағансыңдар. Оған басқа грейдер бөлу керек, арнайы! Ал, көрмегендерің кейін көрерсіңдер. Кеттік! Үйіріліп тұрған адамдар бір-біріне жалтақ-жалтақ қарасты. Ақырында бәрінің жанары анталап кеп директорға тоқтағанда, ол қаймығып барып: —Қаратай Исаевич, ас-су ішіп алып аттансақ… Біздің рабочкомымыздың әйелі кеше ұл тауып… Соны біздің үйде сізбен бірге аздап атап өтсек деген ойымыз бар еді, — деді үзіп-жарып. Секретарь оған бұрылып қарады. —Ұл тапқан — рабочкомның әйелі. Оны неге сіздің үйде атаймыз? —Солай келісілген еді… Қаратай Исаевич. Қаратайдың күлкісі келді, бірақ, өзін-өзі ұстап қалды. Әйтсе де, «Әйелі ұл тапты», — деген сөзді елеусіз қалдырғысы келмей, аласа бойлы, қызыл шырайлы, көзі күлімдеген кісіге қарап: «Дәм ауыз тиеміз. Құтты болсын! –деді. — Ал, қол тимесе…» Ол «Сыбағамды ала кетермін», — деп айтып қала жаздады да, дер кезінде тоқтай қалды. Алғаш секретарь болған кезде, шаруашылықты аралап жүріп, бір тойдың үстінен түсіп қалғаны бар-ды. Онда да асығыс болатын, аудан басшысы мамыражай жүре ала ма? Үй иесі мен директордың көңілін көтеру үшін әлгіндей сөзді айта салып еді. Аттанар шақта совхоз кеңсесінен шығып, машинаға отырғанда бір-ақ көрді, машина машина емес, магазин боп кетіпті. Төбе шашы ду ете қалды. — Бұл не? — деді ол қасында

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421