Қ А Р Ғ Ы Н

осылай деп келмеді ме, осылай үйретпеді ме? Енді кеп мұнысы несі? Абайға сене ме, мұғалімдерге сене ме, әлде өзіне сене ме? Қайсысына жүгінген жөн?» «Ойлы адамға қызық жоқ бұл жалғанда…» Бағиланың басы қатты. Кімге сенерін, даланың сағымындай шұбырған ойларының қайсысын ұстарын, қайсысының жалына жабысарын білмеді. Әйтсе де, осы жолдар тылсым бір құдіреттей оны өзіне қол бұлғамай-ақ үнсіз жетелей берді. Сол жетекке еріп, алғаш адым басқанда көз алдына көпе-көрнеу әділетсіздіктің оңай құрбаны боп, жылы орнынан айрылып бара жатқан жігіт елестеді. Жаңа ғана өздерінің бәрінен биік санаған жігіт. Купеден айрылу – өмірдегі ең қатал, ең сорлы қорлық емес шығар, бірақ, қайткен күнде де жеңілу ғой. Біреудің үстемдігін сезіну мейлі үлкен бе, кіші ме, әйтеуір жанға түсер жара, ар мен намыстың жығылуы, ал, ар мен намыста үлкен, кіші деген ұғым жоқ, болған емес. Өздерінен биік санаған жігіт өздерінен аласа болды. Аласарған жоқ аласартты. Биік ой аласа ойдың алдында жеңіліс тапты. Неге? Бағила бұған жауап бере алмады. Жауап бергені сол, аузын сәл ғана ашып бейғам ұйықтап жатқан әкесіне бір қарады, қарады да өз ойынан өзі үрейленді, өн бойы дір ете түсті. Ол қағазды кішкене стол үстіне қайта қойды. Сол кезде оның келесі беттерінде мұнан да терең, мұнан да тұңғиық ойлардың барлығын, мына жалғыз бет – сол тылсым ойлардың бір ұшқыны ғана екенін анық аңғарды. Жас қыздың көкейінде өзі де біліп болмайтын ерекше бір ынтызарлық, оның қалған беттерінде не жазылғанын білуге құштарлық бас көтерді. Осы бір сезім тереңнен оянуы мұң екен, сол беттердің иесін – бейтаныс жігітті тағы бір көрсем, онымен тым болмаса бір рет тілдессем деген ұры ой қоса көтерілді. Оны бір көруді, бір рет тілдесуді тілеген ойынан ол сескенген де үріккен де жоқ. * * * Поезд Алматыға кешқұрым кеп тоқтады. Әкесінің мұнда да таныстары көп екен. Қайнап тұрған шілденің күні болса да костюм киіп, галстук таққан төрт-бес еркек бұларды вокзалдан дабырлай күтіп алып, манадан сазара тосып тұрған су жаңа екі «Волгаға» қарай алып жүрді. Бағила бұл кісілердің кім екеніне, өздеріне қандай қатысы бар екендігіне де ой жібермеді, әйтеуір, әкесі жүрген жерде ылғи осылай боларын, қайда бармасын, қай ортаға түспесін – бәрінде де сый-құрмет иесі боп шығарын көз ашқалы көріп келе жатқандықтан бұл сияқты ерекше ықыласқа мән де бермеді. Машина көк терекке көмілген әсем көшемен зулап келеді. Күн әлі бата қоймаса да, мұнда қара көлеңке, әрі ауа қоңыр салқын екен. Көшеге жаңа ғана су себілген болса керек, машина доңғалақтарының дымқыл асфальтты тыз-тыз тілгені ғана естіледі. Бағиланың желке тұсындағы дауыстар

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421