Қ А Р Ғ Ы Н

қарап. — Екі тоғыз ғой, — деді ол ыржиып. — Ол неғылған тоғыз? —Тойдың сыйлы қонағы — сіз. Тоғыз-тоғыз киімнен он сегіз киім. — Директор үлкен азаматтық жасап тастағандай өзіне күлімсірей қарап тұр. Қаратай ләм деместен ішке қайта кіріп кетті. Шоферін шақырып алып, киім-кешектің бәрін директордың кабинетіндегі стол үстіне үйгізіп қойды. Директор шалдау кісі еді, қоштасарда: —Мынаның бәрін алып кетіп, тиісті жеріне берсем, халіңіздің қандай боларын білесіз бе? — деді. Директордың көзі атыздай боп кетті. —Солай, — деді секретарь оның көзі ұясынан шығып кетер ме екен деп бақылап тұрғандай оған ұзақ қарап. — Екіншілей олай жасамаңыз. Бала-шағаңыз бар, қарт адамсыз, сонан соң кештім! Сыйдың арты сотқа тіреле жаздағанын енді сезген директор кекеш боп қала жаздап барып әрең тілге келді де: «Сау болыңыз!» — деген қысқа сөзді қырық бөліп әзер айтты. Қаратай да «сыбаға» деген сөзді енді қайтып аузына алмайтын болған. Ол директорды қасына отырғызып алып, шопан қыстауына қарай бет түзеді. Қаратайдың райын байқаған соң, директор қалғандарды қайтарып жіберген. Грейдердің түнде өткен жолын тобықтан қар басып, машина жүрісін өндіре алмай келеді. Аудан орталығына қарағанда бұл жақтың желі өктемдеу, ызғарлы екен. Қарсы беттен сабалап тұрған қарды машинаның терезе тазалағышы жанын салып жан-жаққа лақтырып жатса да үлгіре алмай, жол бірде жалт етіп анық көрініп, келесі сәтте-ақ қайта бұлыңғыр тартады. Машина дөңгелегі ауық-ауық шұңқырға түсіп кетіп, іште отырғандардың қолқалары үзіле жаздайды. —Грейдершілер жолдың ескі сүрлеуінен шығып кетіпті, — деді Володя тап-таза қазақ тілінде Қаратаймен қазақша сөйлесіп, ауық-ауық шофермен орысша тілдесіп келе жатқан директор селт ете түсті де, орыс жігітіне қарап тұрып, өзінен-өзі қызарып кетті. Оның ыңғайсызданғанымен шаруасы жоқ, Володя жолдан көз алмай өзімен-өзі боп келе жатыр. Олар жарым жолға келгенде бетін бері бұрып, маңқиып тұрып қалған екі грейдердің біріне кездесті. Іште ешкім жоқ шығар деп оны айналып өте бермек болғанда, кабинадан әлдекімнің қараңдағанын көріп, бұлар машинаны жалма-жан тоқтатты да, үшеуі бірдей аударыла түсті. Бұлар жақындағанда грейдерші де кабина есігін ашып, келідей бұйра басын қылтитты. Суық сорған жүзі көгеріп, жылқы еріндері амандасуға әзер икемге келді. —Оу, батыр, мұнда неғып тұрсың? — деді Қаратай директордан бұрын әуелі өзі тілдескісі келіп. — Неге болушы еді, сынып қалдым, — деді жігіт дүңк етіп. — Жолдасың неге көмектеспеді? —Көмектескенде бітетін нәрсе емес. Жолыңнан қалмай жүре бер дедім. Қазір ол «Бүргендіге» де жетіп қалған шығар. Жігіттің қалжыраған, ұйқы жеп, аяз сорған бетінен күлкі нышаны байқалды. Манадан бері оның аудан басшысымен тым өктем сөйлескенінен зәресі ұшып тұрған совхоз директоры: —Жаның бар ма, жоғарыдан шіренбей түссеңші жерге! — деп зекіді

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421