соң ыржиып «аспанда» отырған жігітке қарады. —Байқа, құлатып алма, — деді еңгезердей жігіт Қаратайдан басқаның бәрін таңқалдырып. —Қаратай Исаевич, бұл әзіліңізге түсінбедік, — деді директор әлгі айтқанды орындау керек пе, керек емес пе дегенді бір тұжырымдап алу үшін. —Қазір түсінесің. — Сөйтті де машинаға қарай кетіп қалды. «Не боп кетті бұл! — деді директор грейдершіге арқасын тосып тұрған Володяны көріп. — Өң бе, түс пе? Мына трактористің қылғаны-ай, ә?! Қаратай Исаевич та қызық адам екен ғой өзі, мұнысы несі?!» Кенет оның ойы кілт үзіліп, өңі қуарып кетті. Володяның арқасына мінген қырық үшінші размер киетін жігіттің сол аяғы жерге сүйретіліп келе жатқанын көрді. Директор үрей мен таңданыстың арасында дағдарып тұрып қалды. Бірнеше минуттан соң машина орнынан қозғалды, бірақ көпке дейін ешкім жақ ашып үн қата алмады. Ойда жоқта кездескен мына жағдай әсіресе совхоз директорын тұйыққа тіреп, тілін біржолата байлап кеткен секілді. Манадан бері артқы жақта емін-еркін отырып келе жатқан Тұрғат екеуінің өрісі тарылып, қысылысты да қалды. Оның үстіне мына грейдерші жігіт те аудан басшысының келуіне орай аяғын үсітіп алғанына масаттанғандай бір өзі екі кісінің орнын алып, жайылып жатыр. «Бұлардың тұяғы қимылдап кетсе міндет, — деді ішінен директор күйініп. — Аяғы үсіп кетсе де, айдалада жүріп жардан қарғып кетсе де, бір жерде мас боп қатып қалса да жауап бересің. Соны біліп алған бәлелер. Өз жаны өзіне емес, басқаға керек секілді, тіпті, сол жанын прокатқа алған адамдай аямайтындарын қайтесің? Содан біреудің бірдемесі кетеді дей ме екен? Ал мені жазалады, орнымнан алып тастады. Сонда не түседі? Өзінің азап шегетінін неге ұмытады? Асырап отырған бала-шағасы бар емес пе? Және, мынадай суықта білдей жігіт аяғын үсіте ме? Былтырғы қыста екі шопан бірдей адасып кетіп, үш күннен соң табылды, біреуі он алты жасар бала. Сол баланың екі саусағы ғана үсіді ғой, сонда да балалықтан. Ал бұл трактордың ішінде отырып аяғынан айырылып отыр. Ұйықтап қалған ғой. Ішіп алып ұйықтаған шығар-ау». Ол көзінің қиығымен грейдершіге қарап еді, жылы жерге келген соң ба, маужырап, кірпіктері жұмылып бара жатыр екен. Бағана оны машинаға көтеріп салардың алдында Володя оның сол аяғын қармен біраз ысқылаған-ды, бәлкім, сол ем болды ма, әлде, табиғатына біткен шыдамдылықтан ба қыңқ етіп қиналыс білдіріп келе жатқан жоқ. —Ал батыр, аты-жөнің кім, айта отыр, — деді Қаратай біраздан соң артқы жақтағыларға мойнын бұрып. Жігіт көзін ашты «Маған айтасың ба?» — дегендей бірнеше секунд үнсіз жатты да, еріндерін ғана қимылдатып: —Кенжетай Оразов, — деді ақырын ғана. — Әкемнің ең кішісімін, сонан сон атымды Кенжетай қойған. Бірақ алты баланың
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421