Қ А Р Ғ Ы Н

денелісі — мен. —Ең денелісі бола тұра аяғыңды үсітіп алғаның ұят емес пе? — деді Қаратай оған күлімсірей қарап. — Сол, денеме сенем деп құдай ұрып қалды ғой. Киіз байпағымды ауылға барып шығатын болған соң, бір жігітке беріп кетіп ем, үйдегі байпақты жыңғыл шабуға әкем киіп кетіпті. Сонан соң мына етікпен ғана қалуға тура келді. Қызық, адам өз денесінің үсігенін білмей қалады екен ғой! — Ол жан-жаққа жалт-жалт қарап езу тартқан болды. —Жазылып кетсе жақсы, жазылмаса мүгедек боп қаласың ғой, — деді Тұрғат сөзге араласып. —Ә-ә, — деді жігіт немқұрайды қолын сілтеп. — Жиырма тоғыз жыл он екі мүшем сау, бейғам өмір сүрдім, аз емес. Қанағат ету керек. Бұл тіршілікті көрген де бар, көрмеген де бар, кезегін күтіп сарылып жатқандар да бар, кезегі келгенмен жарық сәуле көрмей зу етіп өтіп кеткендер де бар. Мен әке-шешемнің алтыншы баласымын дедім ғой жаңа. Олардың қалалы жерде емес, далалы жерде өмір сүргеніне де шүкір. Екеуінің екі дипломы боп, Алматыда жүрген болса, мен деген, қайда-а-а, бұл дүниеге келмес едім ғой. Алты ағайынды емес, көп болса үш, не екі ағайынды бала боп жүрер едік. Қалғанымыздың бәрі, фшт, алынып тасталар ек! — Ол отырғандарға тағы бір сыпыра қарап шықты да, жайбарақат жата берді. Мынадай оқыс та оспадарсыз боп көрінген жауаптан бәрі бір-біріне қарасып үнсіз қалды. — Кенжетай, аузыңа не келсе соны айта бермей, байқап сөйлесеңші! Қасыңда үлкен кісілер бар, — деді директор оны әуел бастан жақтырмай келе жатса да бұл жолы қасылай сөйлеп. —Айтып келе жатқаным басқаныкі емес, өз айыбым ғой. Егер оны да сөкет көрсеңіздер, қойдым, — деді ол басын терезе жаққа бұрып. Қаратай мына жігіттің ойының еркіндігін, жалғандық пен жылтыр сөзден мүлде аулақтығын, өзі сыйлаған адам болса жанын да аямас мәрттігі барын байқап, оны іштей ұнатып қалды. Одан бір сәт көз алмай қарап отырып, тонының сыртқы қалтасынан қылтиып көрініп тұрған кітапқа көзі түсті. — Осындай ақ қар, көк мұзда кітап оқып жүрген ер екенсің. Қалтаңдағы не кітап? Кенжетай мойнын сәл бері бұрып, қалтасындағы кітапты алды. —Екі рет оқыдым. Қол тисе тағы оқимын ба деп салып жүр едім. Қиын жазатын жігіт екен. Өзі менен екі-ақ жас үлкен. Ойды қайдан таба береді?! Қаратай мұқабасы мыж-мыж боп, кір басқан кітапты қолына алды да, ішін көрді. Кітапта автордың суреті бар екен. Өңменіңнен өтердей суық та ойлы көз тура өзіне қадала қарап тұр. Оның есіне таныс бейне түсе кеткендей болды. Қайдан көрді, қай жерде жолықты? Бір-екі жылдың төңірегінде жазушы атаулымен жүздескен жоқ еді ғой! Иә, қайдан көрді?.. Кенет

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421