дір ете түсті. Сол! Сол жігіт! Бұл жайлы жаздың күні тауда жүргенде Бағила да айтқан. Өздері купеден қуып шығатын жігіт! Ол кітап авторының фамилиясына қарады. «Жасын Мәдиев. Неткен кездейсоқтық! — деді ішінен Қаратай. — Бұл жігітпен ылғи да жайсыз жағдайда кездесе беретін болдым ғой». Қаратай кітапты біраз уақыт аударыстырып қарап отырды да, жігіттің өзіне қайырып берді. — Уақыт болса, ауданға барғасын тауып алып оқырмын. —Жиындарда көп боласыздар ғой. Сонда… қонақ үйде оқып шығуыңызға болады, — деп ақыл қосты әке-шешесінің қалада тұрмағанына шүкіршілік етіп жатқан жігіт, қалтасына кітабын салып жатып. Тұрғат пен директор түнімен суыққа тоңып, аяғын үсітіп алды ғой деп оның сөзі мен қимылына қарсылық көрсетпей, сырттай қамқор ниет танытқанмен, мына «алтыншы баланың» тым еркінсіп, Қаратаймен терезесі тең адамдай оңай сөйлесіп келе жатқанын ұнатпай, іштей қызғанып келеді және өздерін елеусіз тастағаны үшін аудан басшысына жасырын реніштері де жоқ емес. Түске жақын олар «Бүргендіге» де жетті. Өзі салып өткен жолмен басшылардың қалай келгенін көрмек болғандай, шопан тамының жанында бауырын көтерген грейдер бұларға бір қырындап қарап тұр екен. Грейдерші жігіт тамақ ішуге кірсе керек, машина кеп тоқтағанын естіген соң сыртқа атып шықты. Оның соңынан шопанның әйелі мен сегіз-тоғыз жасар қызы да көрінді. Бұлардың Кенжетайды көтеріп келе жатқанын көріп әйел мен қыз түкке түсінбей ербиіп тұрып қалды, ал, үйден шыққан грейдерші жігіт өзінің серігін тани кетіп, оны бас салды. Әуелгіде ойы жаманға жүгірген болуы керек, серігінің тірі екенін, тек тірі ғана емес, мешел баладай ыржиып келе жатқанын көріп қуанғаннан, бір жағы басшылардан ұялғаннан сыпайылық сақтап: «Өй, аузыңды…» — деп ар жағын айтпай бір боқтап алды да, оны Володядан аударып, өзі көтеріп алды. Манадан бері демін ішіне тартып, сілейіп тұрған шопан әйелі сонда барып арқасынан диірмен түскендей бір күрсінді. —Уһ! Жаманқараның тайы өліп қалған екен десем… адам екен ғой! — деді ол шапшаң сөйлеп. —Адам боп шыққанына өкініп тұрсыз ба, қуанып тұрсыз ба? — деді Қаратай оған жақындай бере күлімсіреп. —Е, қайсысы болса да аман болсын! Әлгі райкомдарың қайда, келе жатыр ма? Аудан басшысының алдында өрескел бірдеңе айтып бүлдіріп жүрмесін деп совхоз директоры жалма-жан сөзге араласты. —Алдыңда тұрған сол кісінің өзі! Қасындағы кісі де аудан басшысының бірі. —Көтек! Нағыл дейді, құдай-ау! — деді әйел бетін шымшып. — Әй, Күлзира, бар, көкеңді шақыр! Жылдам. Шешесінің бе, әлде өзінен үлкен әпкесінің бе, үстіне шектен тыс кең күпәйке киіп, оларға сүзіле қарап тұрған қыз бұйрық ала салысымен, алыстағы қора жаққа жүгіре жөнелді. Қарсы алдынан соққан қарлы желден етегі желбіреп барады, қолпылдаған керзі етігінің екі өкпесі
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421