Қ А Р Ғ Ы Н

барабаншының таяғындай кезек-кезек соққылайды. —Иә, аман-есенсіздер ме? Ойбай-ау, мынау өзіміздің деректр екен ғой, құдай ұрып танымай қалғаным. Айып етпе қарағым, — деді ол жасы өзімен қатарлас болса да егде адамдай тағы да абдырай сөйлеп. — Мына бір боран да тоқтамай есімізді шығарып жіберді. Қане, үйге кіріңіздер. Өздеріңнің осы жаққа келетіндеріңді жаңа ғана мына бүлдізер жеткізді. Үй деген шуы жиналмай, шашылып жатыр. Қазір балалардың әкесі де кеп қалады. Қаратай мына әйелдің аңқылдаған ақ жарқын мінезі мен ашық көңіліне риза болғандай сәл жымиып, үйге кірмей-ай қойсақ қайтеді дегенді білдіріп еді, ол асаудай тулап шыға келді. —Басшы болсаңыздар, басшы шығарсыздар, бірақ астан үлкен ешкім де жоқ! — деді ол назымен ашуын томыртқалап. — Ұрысатын болсаңыздар төр алдында отырып-ақ ұрыса беріңіздер, ошақ қасында отырып тыңдай береміз. Ай даладағы жалғыз үйлі қойшыға кім ұрыспайды, тыңдап үйренгенбіз тәйірі! — Оның дауысында көнбіс болған мінез бен жантақ тамырындай тереңнен сыр берген ашулы нышан жатты. — Бала-шағамыздың алдында да бала-шағадан ұрыс есітуге арланбайтын болғанбыз. Кіріңіздер! Көп болса өкіметтің қырық қойы қырылды деп ашулы келген шығарсыздар. Одан өкімет кедей боп қалмайды. Малды табатын адам. Қой баққанымызға он жеті жыл бопты, мұндай қырсыққа душар боп көрген жоқ едік. Содан бері қырық емес, қырық мыңдық, еңбегіміз бар. Арқадан қаққан ешкім жоқ, бәрі дөкей, бөрі көсем, аузын ашса алғыс емес ұрыс шығады. Ел-жұрттан безіп осы адырда бұ байғұстар неге жүр деп ешқайсысы ойламайды. Шиеттей бала-шағаның қысы-жазы көргені осы. Қырық қой қырылды деп… Алдыңғы жылы арыстандай боп… —Теңге, болды, болды! Суырылып барасың ғой. Бұл сөзіңді басқа уақытта айтарсың, — деді ақтарылып келе жатқан әйелді совхоз директоры кілт тоқтатып, — Қаратай Исаевич, үйге кіріп шықсақ қайтеді. Бір-екі кесе шай ішіп, бой жылытып алған да жаман болмас. Теңгенің талай сырдан хабар беріп өткен мына сөзінен кейін сәл ғана сәтке ойға шомған Қаратай совхоз директорына қарап, үнсіз бас изей салды және өзінен әлгінде «Үйге кірмей-ақ қойсақ қайтеді», — деген ұсынысының мүлдем қате болғанын енді ғана түсінді. Олар кірпіштен салынған екі бөлмелі қоржын тамның «қонақ бөлме» деп аталатын жағына кіріп келгенде, пеш жанында состиып-состиып тұрған біреуі – жеті, екіншісі –төрт-бестер шамасындағы екі қызға көздері түсті. Пештің арт жағындағы бұрышқа екі грейдерші жігіт жайғасыпты. Үйдегі аптечканы тауып алып, сау грейдерші үсіген грейдершіге білген емін жасап жатыр екен. Жан тапсырса да әзілдеп тапсыратын болуы керек, серігінің қолы денесінің кез келген жеріне тиіп кетсе де Кенжетай «мама» деудің орнына қасақана «папа» деп айғайлап қояды. — Осыларға қашан ес кірер екен. Үйді тап-тұйнақтай етіп отыратын жасқа келдіңдер ғой, —

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421