да: — Менің де малым жыл сайын қырыла бермес, — деп қосып қойды. Оның бұл сөзіне отырғандар да гуілдеп, көңілді күйге түсіп қалды. «Ел іші жақсы ғой, — деді Қаратай, — айтарың бар ма! Бәрін көтереді, көндігеді, ұрысады, сөгеді, ашуланады, керек болса боқтап та жібереді, бетіңді көрместей боп кетеді. Соның бәрінің соңында кешірім жататын қайран халқым-ай. Кеңсіндер ғой. Кейде тілдейміз, қорқытамыз, түрмеге жабам деп, те қоқан-лоққы жасаймыз. Заң талап етсе солай етеміз де. Жұмыс бабы, ел қамы, олай етпесек тағы болмайды. Бәріміз де қара басымыз үшін жүрміз бе? Менің де үй бетін көрмей, әйел-баламмен сөйлеспей жүргеніме не себеп? Өкімет артқан сенім. Сенімнің үлкен-кішісі тағы жоқ, ақтауың керек». Ол төменгі жақта шай ішіп отырған үй иесі Көлбайды бұрын да көрген. Бір ренжісе осы адам ренжір еді: «Кісі емес екенсің», деп сырт айналуына да қақысы бар. Жоқ, олай етпеді, қойын сойып, қолын қусырып, бұрынғы ренішінен із де қалмай қазақы, дарқан мінез танытып отыр. Мені көрген жерден сырт айналса не істер едім? Шынында, не істеймін? Алдындағы бір отар қойын тартып алармын, сол болар ма еді бар тындырғаным? Бір отар қой оған басқа ауданнан да табылады. Сол жақта жұртпен тіл табысып, жақсы істеп кетсе, алыстағы мен қызармаймын ба? Алдыңғы жылы інісі сотты болып, Көлбай мұның алдына бірнеше рет келген. Інісі екі-үш жігітпен қосылып кешқұрым көрші совхоздағы студент қыздарға бармақ болады. Бидай орақтың қайнаған кезі. Мұның бортында бір тоннаға жетер-жетпес бидай қалыпты, оны да өзіне бекітілген комбайн сынып қалған соң, бір айналып келермін, қырманға бір тонна бидайға бола несіне барам деп, жігіттерді жеткізіп салуға уәде береді. Жігітттерді қыздар жатақханасының алдына түсіріп, жұмыс біткен соң қайтып келуге уәде беріп, аңызға қайта кетеді. Жолда мұны учаскелік милиция ұстап алып, бортындағы бидайды көреді де, акт жаза бастайды. Байғұс бала жағдайын қанша айтып түсіндірсе де ана қырсық көнбей қояды. «Ақыры ісі сотқа түсіп, мұны бір жылға бас бостандығынан айыру қаупі төнеді. Сол кезде Көлбай Қаратайға өлердегі сөзін айтып талай кеп еді. «Заңнан аттап кете алмаймын. Әділ жазасын алсын», — деп ақырғы рет оны кабинеттен қуып шыққандай болып еді. Ел сөзіне, тіпті, аудандық прокурордың пікіріне қарағанда жігіт текке кеткен секілді. Оның астықты ұрлап бара жатқанын, шынында, ешкім білмейді. Және, орақ кезінде мұндай жаза қолдану басқа жердегі сұғанақ қолдардың тыйылуына себебін де тигізеді. Қысқасын айтқанда, Көлбайдың інісі басқаларға тоқтау салу үшін мысал ретінде кетті. Қаратай сол кезде іске араласқанда, аудандық сот, әрине, мұны тыңдайтын еді. Кейіннен өкініп қалды. Сол қаталдығы үшін, жалбарынып сұрағанда, қол ұшын бермегені үшін осында келе
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421