кітапты кім оқымақ, кімді қызықтырмақ?» Газеттер аты шулы автордың араға үш жыл салып ұсынған кітабы жайлы ләм демеді. Мұндай шығарма дүниеге келмегендей, ондай кітап жазылмағандай не рецензия, я болмаса, басқа әдеби мақалалардың ішінде аталмады да. Сонда, Жасынның үш жыл бойы санасын сарсылтып ойлаған ойлары, жасаған образдары, фантазиясы мен философиясы сөз етуге тұрмайтын болғаны ма? Олай болса жазудың қажеті не? Тек кітап шығару үшін ғана тер төккені ме? Ондай кітаптың Жасынға керегі қайсы? Ол әдеби апталық газеттің соңғы номерін алды. Өзі қатарлас бір жазушының таяуда шыққан повесі жайлы үлкен мақала басылыпты. Жасын ол повесті қолжазбадан оқыған, авторы пікір айтуын сұрап әкеп берген. Шығарма оған мүлде ұнамаған еді. Ұнамау былай тұрсын, онда көркем шығармаға арқау етіп алуға болмайтын, арзан оқиғалар баяндалыпты. Оқу бітіріп келген жас маман, оның махаббаты, совхоз директорымен шаруашылық жайлы таластары, парторгтың іштей жас маманды қолдауы, сүйген қызының неге екені белгісіз, бұдан теріс айналуы, оның арзан сары уайымы, үйіне келгенде шаруашылық проблемаларын қабырғасы қайыса ойлауы, ақыры директорды жеңуі (?!), сонан соң ғашығының оның алдында қателігі үшін кешірім өтінуі, жалған көздің арзан жасы, олардың табысуы. «Япыр-ай, — деген Жасын шығарманы оқып біткен соң шын күйініп, — шынымен осыны көркем шығарма деп жазды ма, осыған өзі сенді ме екен? Және осыны творчество деп, сол творчество жолындағы жаңа қадам деп түсіне ме? Қазіргі әдебиетіміздің деңгейі осындай болу керек пе? Енді осыны оқушыға ұсынамыз ба? Бейшара әдебиеттің обалын қайтеміз, оны неге адам алғысыздай арзандатамыз? Егер мен бұл шығарманы мақтап берсем ше? Ол сене ме, шынымен сене ме? Көркем шығармаға тән ой қайда, мінез қайда, Адам қайда, тіл қайда? Бірі жоқ! Онда жазушы болып не керек? Жазушы деген ұғымға қалай жеңіл қарап барамыз? Ол — халықтың ақыл-ойы мен намысы, қабырғасы ғой. Керек кезінде қайысады, керек кезінде сынады. Бұл сынбақ түгілі сыздамайды да. Жан-жақтарына қараса қайтеді екен? Өзгелердің өнері қандай, өлшем қандай?» Жасын шығарма соңына бір-екі ауыз сөз жазды да, автордың келетін уақытына жарты сағат қалғанда үйден шығып кетіп қалды. Қолжазбаны авторға әйелі табыс еткен. Жасынның жақсы пікірін күтіп келген ол шығарма соңындағы тұжырымды оқып, сенерін де, сенбесін де білмей бір қызарып, бір көгеріп тұрып қалды. «Қызығы жоқ қырық өтірік. Әдебиетке жанымыз ашымаса ашымасын, оқушыны аяйық». (Қойылған қол). —Өзін данышпанмын деп жүр екен ғой. Кімнің данышпан, кімнің есуас екенін уақыт көрсетер! «Оқушыны аяйық!» Аяныш болса алдымен анау қияли дүниелерін тоқтатсын. Түртіншектеп қара көлеңке қуыстан қара бояу жинаудан басқа не бітіріп жүр? Мен өзіміздің жарқын өмірді көрсеттім. Ал ол ше? —Төменге құлдырамай сөйлесеңізші. Жазушы деген
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421