емес пе? — деді Жасынның әйелі сәл қабақ шытып. —Co-лай ма! Жасыннан жұққан сабырлылық екен ғой. Бір-екі адам мақтады деп ол өзінен басқаны ұмытқан екен. Көрерміз! —Оны Жасынға айтыңыз. Мына бөлмеде әкей ауырып жатыр, ақырын сөйлеңізші. Жігіт есікті тарс жауып, шығып кетті. Сол шығарманы әдебиеттің жаңа бір белесіндей мақтаған көлдей мақала Жасынның күлкісін келтірді. Әдебиеттегі мұндай процесс оған күтпеген жаңалық емес-ті. Жасынның жаңа кітабына сілтідей тұнып тұрған сын екі айдан соң кенет бұрқ ете түсті. Тағы сол газет. Тағы да үлкен мақала. Бірақ, мазмұны мен мағынасы мүлде кереғар. Жасынның түгі қалмапты. Бастан-аяқ сынаған. «Бұлыңғыр», «түсініксіз» «кейіпкерлері идеяның құлы», «ойлары көркем шығармаға емес, ғылыми еңбекке тән», «тілі мен ұғымы қазаққа жат», «жасанды», «көркем шығарманың заңдылығын ұмытқан», «творчестволық тоқырау», — деген сияқты сөздер мақала ішінде аяқ алып жүргісіз екен. Жасынға бұл қатты соққы боп тиді. Соққы болған — мақала мазмұны емес, мақала авторының қала берді бүгінгі сынның тым аласалығы, өресінің жанашыр халдегі тарлығы еді. Ол соған күйінді, соған жаны ауырды. Және бұл мақаланың алдын ала ойластырылып жазылғанын да байқап ерніне ызалы күлкі үйірілді. Ол сын туралы мақала жазуға екі-үш күн бойы дайындалып жүрді де, дәл қазір өзін қорғаған сияқты боп көрінетін болған соң ол ойын да белгісіз кейінге ысырып қойды. «Қызбалық танытып қайтем, — деді ол ішінен. — Жазушы сыналуы тиіс, оған дайын болу керек. Менің мақсатым — жазу, ойымды жазу. Қорғану менің міндетім емес. Сауыт әлсіздерге, өзіне-өзі сенбейтіндерге ғана қажет!» Екі жұмадан сон басқа бір жастар газетінде «Шығарма оқушыға түсініксіз», — деп сынаған түсініксіздеу мақала басылды. Дәл сол күні Жасын Бағилаға телефон соқты. —Мен қонақ үйдемін, — деді ол бірден. — Бірге оқыған досымның бөлмесінде отырмын. Ол қыдырып кетіп қалды, ертең келеді. Күтем. — Екеуміз-ақ па?! —Менен үріккенді қашан қоясың? «Қонақ үй», «оңаша» деген сөз тағы сол қазақы қаупіңді оятты ма? — Иә. Мен сізден ылғи қорқамын. Трубкадан мырс еткен күлкі естілді. — Ол жаман қасиет емес. Қанша уақытта келе аласың? Бағила сағатына қарады. Сонан соң: — Бүгінгі мақаланы ала барайын ба? — деді. — Керегі жоқ. Алдымда жатыр. Бес жүз отызыншы номердемін. — Онда… жарайды, бір сағатта барам. Май айының соңғы күндері еді. Қала ішінде лүп еткен жел жоқ, маужыраған тымық кеш. Аласа үйлердің бәрі жасыл ормандай тұна өскен биік талдардың астында қапты, тек көп қатарлы қонақ үйлер мен әкімшілік мекемелері ол зорлыққа көнгілері келмегендей бойын алып қашып, мұнартқан көгілдір дүниеге жоғарыдан мойын соза қарап тұр. Батып бара жатқан күннің қызыл жалқын сәулесінің астынан ұзақ қарғалар топ-топ боп
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421