шығыс жағындағы паркке қарай асықпай ұшып барады. Бауыры –жаз, басы –боран Алатау батар күннің нұрымен айқын көрініп, айбары мен сұлулығын жанды-жансызға паш етіп маңғаз тұр. Бағиланың кеудесіне ерекше қуаныш енді. Ол қолындағы түйе жүн кофтасын бұлғақтатып, еркелей басып жоғары өрледі. Қонақ үйдің бесінші қабатына көтеріліп, бес жүз отызыншы номердің есігін қақты. Дәл босағада күтіп тұрған ба, есік қағылар-қағылмаста Жасынның өзі ашып, оны тез ішке кіргізді де, екі қолынан кезек-кезек сүйді. — Ужас! — деді Бағила оған таңырқай қарап. — Сізден арақ иісі аңқып тұр. Өзіңіз оңаша отырып іштіңіз бе? — Иә. Кейде оңаша отырып өзің ішкен жақсы. —Ол жақсылық емес. Демек, баспасөздің ауыр сынына төтеп бере алмадыңыз. Сізге жараспайтын әлсіздік. — Бағила кофтасын креслоның арқалығына тастай салып, өзі Жасынға қарсы қарап отырды. —Сіз ауырып жүрген жоқсыз ба? Жанарыңыз мұнартып тұр, — деді Бағила столдың арғы жағына кеп орындыққа жайғасқан Жасынға. —Жоқ, — деді Жасын, даусын сілкіп тастап. — Бір бөлмеде екі бірдей адамның көзі жалын атып тұруы жараспайды. — Сіздің көңіл-күйіңіз өте нашар екен, — деді Бағила.—Мені несіне шақырдыңыз? Жасын екі фужерге шампан құйды да, біреуін қызға ұсынды. —Менің сыналған құрметіме. — Ол фужерін жоғары көтеріп Бағилаға «алыңыз» дегендей басын изеді. Қыз фужерді жартылай ішті де, столға қайта қойды. —Білесіз бе? — деді ол жігітке тура қарап. — Біз Лике екеуміз бүгін сізді көп әңгіме қылдық. Бір сағат бойы сізді, сіздің творчествоңызды, семья жайыңызды, сын мақалалар туралы сөз еттік. Лике сізді жақсы көреді. Бүгінгі мақаланы оқығанда, сенесіз бе, ол көзіне жас алды. Көзінің жасын сүртіп отырғанда, Сәргел ағай кіріп: «Неге жылап отырсың?» — деп ал кеп сұрақтың астына алсын. Онымен дауласам деп отырып, ақыры ол шынымен жылап тынды. Ол кісі сондай қу, ішіңдегіні біліп қояды. Сізді жақсы біліп алды. —Қуаныштымын! — деді Жасын кекесінді түрде мырс етіп. —Сол кісі менің папама бірдеңелердің шетін шығарған болуы керек. Осыдан бір ай бұрын келіп кеткенде маған көп сөздер айтты. Бұрын ол кісі ақыл айтпайтын. Дауысына қарап, оның сіз бен екеуміздің кездесіп тұратынымызды білетінін аңғардым. Сонда да ол көп шешіле қойған жоқ. «Байқа балам, сендердің қайғыларың әуелі маған батады, әке-шешенің абыройын ойла, өз басыңды қадірлей біл», — деді. Мен оны соңғы келісінде жақсы көріп кеттім. — Енді мені жек көре бастайсыз ғой? –Сізді жақсы көрудің өзі қиын емес пе? — Ол шампаннан тағы ұрттады. Ұрттап жатып, басын жоғары көтергенде бұл сөздің қалай әсер еткенін білгісі кеп, фужер арқылы Жасынға қарады. Ол стол үстіндегі журналды аударыстырып, бөлек ойда отыр екен. Әдетте, ішкі толқуы
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421