Қ А Р Ғ Ы Н

болсам, мейлі, тіпті, күйеуі-ақ болайын. Осындай қайталанбас киелі сезім кеудемде күнде дүрсілдей бермек пе? Әрине жоқ! Демек, киелі деген сезімімнің өзі жалған, уақытша екен ғой? Белгілі бір белдеуге дейін. Онан әрі үйреншікті тіршілік басталады. Бұл қыздың самайына бетім тиген кезде жүрегімнің майдай еруі былай тұрсын, өзімнен бөлек жатқанын да қалайтын шақтарым болатын шығар? Әрине! Сонда қалай, менің тап қазіргі, сезімдерім тондай тозып, тоқымдай қадірсіз бола ма? Егер сезімдерім ескірсе, оған салқын болсам, оның бәрі менің адамшылығыма байланысты бола ма? Әрине, өлген сезіммен де өмір сүруге болады, тіпті, тамаша өмір сүруге болады. Немесе, керісінше, тірі сезімді жаңа туған баладай тұншықтырып өлтіре салып та, жалғанда найқала басып жүре беруге де болады. Бірақ, адамның адамға тән жақсы көру, жек көру деген қасиетті сезімінің өз заңы, өз табиғаты бар ғой. Тірі адам секілді оның да туылып, өліп — өсуіне қақысы бар. Демек, — деді Жасын өз ойының жаңа бір қатарға тірелгеніне қызыға таңданып. — Демек, оның да тозуға, қартаюға, өлуге қақысы бар екен ғой?! Ендеше, ол үшін адам неге кінәлі болуы керек? Оны неге жабылып айыптауымыз керек? Мен қазір әйелімді бұрынғыдай жақсы көрмеймін, тіпті, үйде жоқ болса іздемеймін, ол да мені алаңдап күтпейді. Бұдан соң да шала-жансар тіршілікті жалғастыра беру керек пе? Ол өмірдің кімге қажеті боп тұр? Өмір сүретін мен емес пе, оған басқаның араласуының қажеті қанша? Мен қоғам өміріне әйелімді ұнатпау арқылы инедей де зиян келтірмеймін ғой! Қызық! — деді ол тағы да. — Осылай ілініп-салынып та тіршілік етуге болады екен ғой. Бар ғой, көп қой ондайлар. Неге «ондайлар» деймін, өзім ше? Мен де солардың бірімін. Үйге барғым келмейді — барамын, ол әйелмен тұрғым келмейді — тұрамын, оның қасына жатқым келмейді – жатамын. Ешкім де зорлап жатқан жоқ. Адам мойны бас пен кеудеден неге жіңішке десем, киілген қамытын сыпырып тастай алмас үшін екен ғой! Қызық! Адам қамытты өзі жасайды, өзі киеді, өзі налиды. Бәлкім, адам жаны әуел бастан сергелдеңге құмар шығар, бұл да оның көп ғажайып қасиеттерінің бірі секілді. Адам деген ұғымды толықтырып тұратын ішкі қайшылықтарының күрделі бір тармағы шығар. Олардың бірін-бірі түсіну, түсініспеуі де осы ішкі қайшылық заңдарының деңгейіне байланысты ғой. Сонда бір кезде мына тұрған қызды да мен түсінбеуге тиістімін бе? Бұған деген ықыласым суып, жек көрмесем де, немқұрайды боламын ба? Өмірімде не айтпаған, не жазбаған сөз «махаббат» деген ұғымнан мойныма таққан алқа сол махаббаттың қамытына айналмақ па? Махаббаттың алтын қамытына?! Жоқ, бұл тым қатал, тым өрескел! Әйел деген нақтылы ұғымды ұмытуға болар, оған деген алғашқы сезімдерді ұмыту

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421