қағаз бен сәбиді алдағандай кешірілмес күнә. Ол — қасиетсіздік. — Жасын іштей мырс ете түсті. — Осыны сезінудің өзі болашақ қамыт жасалатын материал емес пе?!» Дәл осыған дейін миын шимайлаған ойларын қас қағымда шолып өткен жігіт, Бағиланы өзіне бұрып, жүзіне тіктей қарады. Әлгінде ғана шаршаған, солғын жанарға нұр құйылып, ойлы да өткір қалпына қайта түсіпті. — Шынымен сізді ұнатып қалғаным ба? — деді ол әлі философиялық-романтикалық халден арыла алмай. Бағила өзінің екі иығынан ұстап тұрған Жасынның қолынан жанарын көтермей, мына сұраққа не жауап айтарын білмей абыржып қалды. Иә, ерте ме, кеш пе, қаншама шағыр болса да Жасынның осылай дейтінін ол білген-ді, тіпті, іштей күтіп еді. Оған деген сонау кездегі поезда басталған сиқырдай бір маталған ықылас өзін қайда, қай жерге апарып тірерін анық білмесе де кеудесінде күн өткен сайын бұлқынып ер жетіп еді. Оның әйел-баласы бар екенін, жас жігіттердей емін-еркін бірге жүре алмасын, оған деген сол ықыласы аяланудан гөрі азапты көбірек шегерін де алдын ала сезген-ді. Жас қыз өн бойынан салқындық қана есіп тұратын, өзгемен ғана емес, өз-өзімен де қарама-қайшы осы адамды –неге, не үшін жақсы көретінін де әзірге білмеуші еді. Бірақ, оның періштедей таза көңілі осы бір адамға құлай сенетін сияқты, қатты болса да, кей сәтте қатыгез болса да, оның бәрінің ар жағында адалдық, биік парасат, жақсыны қастерлей білетін қасиет жатқанын көретін. Жасынмен танысып, онымен сөйлескеннен бері Бағиланың көңілі ешкімге толған емес, бәрі тым төменде, арифметикалық еңісте жатқандай болатын. Онымен әрбір кездесу дүние тану, адам тану, өзіңді танудың жаңа көкжиектерін кеңейте түсетін-ді. Сөйлескен шақта әйел-еркек деп жынысқа бөлмейтін Жасын, Бағиланың бұрынғы тар түсініктерін байқап қалса қатты ренжитін, намысына тиіп, ұрысып та тастайтын. Сондықтан болар, ол телефон соғып, кездесуге шақырған сайын әлденеден жүрексініп, жасқанып баратын. Мұндай адамдардың әсерге, сезімге қапысыз берілмейтінін, қағазда еріген мұздай жүрегінің бір жағы салқын, бір жағы жылы боларын да баяғыдан байқаған-ды. Сөйте тұрса да, Бағила онымен жаңа кездесулерді асыға күтетін, ал кездескен сәттерінде өздері жайлы бірауыз сөз айтпаушы еді. Кей кезде Жасын шектен тыс шікәмшіл, өзімшіл, бірбеткей боп отырып алады, кісіге қасақана тиіскенді ұнатады. Осындай сәтте ол келгеніне өкініп, кеткенше асығатын. Бірақ үйіне жетер-жетпесте жүрегін жалғыздық торлап, оны ренжітіп жалғыз тастап кеткеніне өкініп, сол күні-ақ телефон соғатын. Соңғы кезде ол өз махаббатының жиырмадағы қыздарға тән ер адамға ғана оянар аласұрған махаббат емес екенін, оның адамды сүю деген үлкен ұғыммен астасып жатқанын ұғынды. «Шынымен сізді ұнатып қалғаным ба?» — деген Жасынның сұрағы беріден емес, әріден, бір-біріне қарама-қайшы қатпар ойлардың арасынан тізгін үзіп, әрең шыққан сауал екенін
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421