—Сізге бар ғой, шынымды айтсам, лирик болу мүлде жараспайды екен. Құдай үшін, маған бұлай қарап тұрып сөйлемей-ақ қойыңызшы. Әйтпесе, мен сізді жек көріп кетем. Және ұнату, ұнатпау жайлы бір-бірімізден сұраудың қажеті қанша? Отырыңыз, шампан суып қалды. — Ол сыңғырлай күліп, әлгі орнына қайта жайғасты. —Солай, — деді Жасын аздап езу тартып. — «Ұстаздан шәкірт озар» деген осы. Сіз менен де қатал боп барасыз ғой деймін… Жарайды, лирикалық сәт осымен бітті. — Ол фужерлерге тағы шампан құйды. — Мен бүгін өзімше ашылып бір сөйлегім келіп еді, түк шықпағанын өзім де біліп отырмын. Шынында, бір-біріміз жайлы айта алмайды екенбіз ғой, солай ма? — Мүлде олай емес. Айтуды үйренбей тұрып ұмытып қалғанбыз! —Браво! Сол сөзіңіз үшін ішем! — Ол фужерді орталады да, тыжырынып қайта қойды. — Шампанды иттің етінен жек көрем! Кәрі ақынның махаббат жайлы лирикасы сияқты жүрегіңді қыжылдатады. — Мен буфеттен коньяк алып келейін. Шын айтам. —Керегі жоқ. Осында да бар. — Ол орнынан тұрып, шкафтан бір бөтелке коньяк әкеп қойды. — Сізге серік болғалы өзіме де шампан құйып едім. Коньякқа қалайсыз? —Керегі жоқ, маған осы да жетеді. Сіз иттің етінен жек көретін нәрсені жақсы көруге қақым бар шығар? —О не дегеніңіз, мені де қосып жек көруге қақыңыз бар. —Мен оны сізден сұрамаймын. Сонан соң «сіз» деген сөзді қойыңызшы. Соңғы кезде жыныма тиетін боп жүр. Бұл сөзді естіген сайын ашуланса әйеліне де «сіз» деп сөйлейтін Сәргел ағай елестейді. — Жарайды. Содан төбең көкке жетсе «сен» дейін. Ал, өзің ше? — Мен қоя алмаймын. — Екеуміз үйленсек те ме? Бағиланың бетіне қызыл бояу ойнап шыға келді. Сәл үнсіздіктен соң барып: —Иә, үйленсек те, — деді қабағын шытып. Бірақ біз ешқашан ерлі-зайыпты бола алмаймыз. Мен «сіз» деген бойымша өтем. Жасын орнынан тұрды да асықпай басып оның қасына барды, қолынан асықпаған күйі фужерін алып, стол үстіне қойды. Оның бұл қимылына таңданып, өзіне қарай берген қыздың ернінен сүйіп алды. Қыз бұлқынып, қарсылық білдірем дегенше ол басын қайта көтеріп орнына барып отырды. Бағила жыларман халде булығып, иегін ұстап үнсіз отырып қалды. —Мұныңыз әділдік емес, — деді ол әлден соң әрең тілге кеп. —Білемін, — деді Жасын жайбарақат. — Үш жылдан бері сенің ерніңнен сүймеу де әділдік емес қой. Тіпті ұят. — Мұндай әрекет барлық, адамның қолынан келеді. — Мен неге олардан ерекше болам? — Жоқ, мен үшін сіз басқашасыз. Ешкімге ұқсамайсыз. Ұқсағыңыз келсе… білмеймін, оны өзіңіз біліңіз. Бас салып сүюге қабілеті бар адам маған барлық жерден табылады. — Ол сөзінің соңғы жағын сыбырлай сөйлеп, көзіне
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421