осы ғой! –Мәлике, философия айтуға әлі уақытымыз мол болар деп ойлаймын, – деді кәрілік жайлы сөздің бір ұшы өзіне қаттырақ тигенін сезген күйеуі, қонақтар жайғаспай жатып-ақ әйеліне екінші рет ескерту жасап. –Қазақтың маңдайына философияны құдай өз қолымен жазған, – деді Мәлике күйеуінің ескертуіне бұрынғысынша жайдары мінезбен оп-оңай тойтарыс беріп. – Өйткені философияны көргені мен түйгені бар адам айтады. Ал, қане, жоғары шығыңыздар. Дастарқан үстінде ретті-ретсіз, әртүрлі тақырыптағы бытыраңқы жайттар сөз болды. Ауа райы, саясат, үкімет адамдарының арасында өткен әңгіме, біреудің қызметке тағайындалуы мен босауы, сонан соң, әлбетте, үй иесінің Тәшкен сапарындағы көрген-білгені де ұмыт қалмады. Және олардың сөзінде ойда қалар, көңілді селт еткізер жаңалық, тосындық жоқ секілді боп көрінді. Ол мұндай әр түрлі адамдар бас қосқан жиындарда әке–шешесімен бірге жүріп талай болған. Дастарқан басындағы адамдардың ат-жөндері мен түр-түсі, атқарар қызметтері басқа болғанмен бәрінің айтар сөздері мен күлкілері, әзіл-қалжыңдары бір-біріне ғажайып ұқсас келетініне әуелгіде таң-тамаша қалатын, бертін келе бұған да құлағы үйреніп, кісіні жалықтырар әңгімелерді ұқпаса да үнсіз тыңдап, өз қиялымен өзі боп отыра берер жақсы әдіс тапқан-ды. Бұл жолы да сүт қосқан күрең шайды ауық-ауық ұрттап қойып, қонақ бөлменің екі жақ қабырғасына сірестіре жиылған кітаптардан көз алмай түрлі-түрлі ой құшағына шомды. Бұл қонақ бөлмеден гөрі кітапханаға көбірек ұқсайтын сияқты. Бағила бір сәтке осындағылардың бәрін кітапханада шай ішіп отырған адамдарға ұқсатып, өзінен-өзі іштей жымиды. Және бұлардың кітапханада шай ішіп, қарқ-қарқ күліп отырғандарын кітапты сыйламау, оның қасиетін қорлау деп ұқты. Ол Тәшкендегі қораздар таласы жайлы тамсана айтып отырған үй иесіне бір сәт қарағанда көз алдында бет сүйегі шығыңқы, ойнақы жанарынан оты таймаған, кісіге сынай қарайтын, істік мұрын, еріндері қаймақтай, ақ сары адамның суреті қалды. Неге екені белгісіз, бұл сурет Бағиланың санасында ұнамсыз сезім тастап өтті. Бағила бұл секілді адамдарды да көрген және олардың көпшілігі қытымыр, даукес, өзімшіл, қызғаншақ, ұсақ, сараң, мақтаншақ боп келетінін, оның үстіне мейлінше сақ әрі міндетті түрде жағымпаздыққа жақын жүретінін де байқаған. Көз алдындағы елес–портреттен назар аудармай тұрып-ақ, ол үй иесінің мына кітаптарды түгел оқыған-оқымағаны жайлы өз көңілінде бір сұрақтың жылт ете қалғанына таңырқаған жоқ. –Бағила, шайыңыз суып қалды ғой, кесеңізді беріңіз, ауыстырсын, – деген оң жағынан естілген дауыс жаққа қарағанда, қасында отырған ақын-жазушыларға өкпелі жігітті көрді. «Бұл қашан кеп қасыма отырған? Ыстық күнде костюмін шешіп тастаса қайтеді? Маңдайынан аққан терін сүртсе болмас па?» Бағила бұл жігітке деген жүрегіндегі жек көру сезімінің кенет жиіркенішке ауысқанын сезіп, қабағын тыржитты. Тұрғат қыздың бұл мінезін бөтен үйдің шаңырағынан қысылып отырғанға жорып, оның кесесін өзі алды да, шай құйып
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421