Қ А Р Ғ Ы Н

«Иә, бүгін бастан-аяқ сәтсіз күн болған екен, — деді Жасын іштей. — Енді кешке дейін тағы қандай қолайсыз жағдай кездесер екен?» Жасын Бағиланың арына тигенін, өзі жайлы биік ойын аласартқанын, оның таза көңіліне дақ түсіргенін түсінді. —Кешір, — деді ол қыздың қасына қайта жақындап. — Мен сені сүйген жоқпын. Сүйгенімді қайтып алдым. Бағила оған бір қарады да, иегін екі алақанына қайта қойды. Жасын оның көзінен жылт еткен ыза отын байқап қалды, ол ызаны тудырған өзінің соңғы сөзі екенін де білді. Жасын не ары, не бері қозғаларын білмей, сол орнында тұрып қалды. Қыздың мына сөзі өз көкейіндегі ойларына дәл тигендей болды. —Иә, — деді ол біржолата ес жиған адамдай сергек үнмен. — Бүгін сәтсіз күн екенін жаңа ғана ойлап өтіп едім. — Ол столға жақындап, коньяктан бірнеше тамшы құйып ішті де, рюмкасын қолына ұстаған бойы сөзін жалғастырды. — Бірақ, сәтті күн деген не? Ол — ойлаған ойыңның түгелдей жүзеге асуы, сенің жаза баспауың ғой? Солай ма? Кейде ол да жалықтырады, оның да адам жанын байытары шамалы. Біле білсең, осының бәріне сен кінәлісің. Неге қарайсың? Иә, сен кінәлісің. Менің ойым көп еді, бүгін соның бәрін ақтармақ едім. Шықпады. Шықпағаны да дұрыс болған шығар. Егер бәрін айтып қойсам, қалған тіршіліктің мәні азаятын секілді. Әйтсе де, өміріме сен кеп араласқалы бері мен бостандық дегеннен айырылдым. —Міне, міне! Сіз өзіңізге енді ғана оралдыңыз, — деді қыз күліп. — Сіз маған осындай сәтте ғажап ұнайсыз. Жасын стол мен лоджияның екі ортасында тұрып оған қадала қарады. —Сонда немене, саған ұнау үшін ылғи осылай сөйлеп тұруым керек пе? Сен өзің сөзге тоймайтын мешкей қыз екенсің! — Мен бұл сөзге бәрібір ашуланбаймын. —Өйткені саған сөздің аштығы өтіп кеткен. Ал мен сөзден қашам, әбден тойынғанмын. —Бәрібір сөйлеп тұрсыз ғой. —Енді сенің алдыңда үнсіз отырайын ба? Сен бар ғой, атың кім еді? Бағила, — түуһ, неткен жасанды, нашар ат еді. — Сур, егер бұлай сөз жарыстыра берсең, мен сені тағы сүйіп алам. —Оған мен қарсы емеспін. — Қыз ішпесе де фужерді ерніне апарды. —Қалай?! Не дедің? —Оһ, қуанып кеттіңіз бе? Оған мен қарсы емеспін дедім. Жасын рюмкасын дыбысын білдірмей столға қойды. —Неге қарсы емессің? Әлгінде сен өкпеледің ғой. —Сізге дөрекілік жараспайды. Осылай ашық келіңіз. Сонда мен бәріне де дайынмын. Жасын үнсіз қалды. —Тілін жұтқан адамдай үнсіз қалмаңыз. Әлгі сөзім ойыңызды әр жаққа алып қашып тұр ма? — Ол иығын қозғап, мырс ете қалды. — Құдай үшін, өмір бойы сөйлемей тұра беріңіз, бірақ, арзан оймен әлек болмаңызшы. Ол менің де,

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421