Қ А Р Ғ Ы Н

керек пе?» Жасын мұндай сұрақты қыздың естіртіп ешқашан айтпайтынын, өзінің оған ешқашан жауап бермесін, бере алмасын білді. Бұл жай да екеуінің арасындағы ешқашан айтылмайтын, үнсіз көзқараспен ғана түсінетін терең сыр боп қала бермек. —Помадаңның сапасы жақсы болуы керек. Қанша шампан ішсең де ерніңнен дәмі кетпепті, — деді әлден соң Жасын үнсіздікті бұзып. Қыз одан көзін тайдырып, ашық лоджиядан сыртқа көз тастады. —Бұл сіздің үш жылдан кейін барып ернімнен алғаш сүйгенде туған алғашқы басты проблемаңыз ба? —Иә, басқа ешқандай мәселе қабырғамды қайыстырып тұрған жоқ. Бағила оның зілді шыққан үнінен іштей толқып, өз ойымен арпалысып тұрғанын сезді. Ішкі дүниесінен қарғын жүрген кезде осылайша ұсақ-түйекті әңгіме ететінін де соңғы жылдары аңғарған. —Айтпақшы, — деді Жасын әлден соң темекі тұтатпақ боп сіріңке жағып тұрып. — Мен осыдан үш сағат бұрын сенің портретіңді салатын суретшіні көрдім. — Ол сіріңке шиін аспанда айналдырып өшіріп, күлсалғышқа тастады да, темекі түтінінің арасынан қызға көз тастады. Бағила екі қолын иегінен алмай, алға сәл иіліп, әлі дел-сал күйден арыла алмай отыр екен. Көптен ұмыт болған жігіт жайлы айтқанда, ол қасын сәл ғана көтеріп, Жасынға сұраулы пішінмен қарады. —Ол сіздің, кешір, сенің жаңа портретіңді аяқтауға жақындап қалды. Сіздердің үйдегі портрет, мен бірдеңе білсем, бұл жанрдағы тамаша туынды. —Оны сіз қайдан танисыз? Жігітті айтам. —Өткен жолы бір әңгімеден сипаттап беріп едің ғой. Оның үстіне, портреттің бұрышында «Е. И.» деген екі әріп бар. Естай Игіманов. Белгілі суретші-портретист. Бұл саладағы мен сыйлайтын адамдардың бірі. Шығармалары екі рет жеке көрмеге қойылған. Жас. Дарынды. —Ой, Алла-ай, жер бетінде қазір не көп–дарын көп! — Ол жай ғана күрсініп, тағы да лоджия жаққа қарап қойды. —Жоқ, — деді Жасын оған жайбарақат қана соққы беріп. — Дарын аз. Сенің айтып жүргенің диллетанттар ғой. Олар көп ретте дарындының алдына түсіп кетеді. Сонан соң олар көп сияқты боп көрінеді. Менің портретімді жасап жатқанын сізге айтты ма? —Неге айтпайды! Бір жылдан бері салып келеді екен. Сені талай көріпті. Қасында фотосуреттерің де бар. Бағиланың таңданғаннан көз шарасы ұлғайып кетті. —Бұл барып тұрған ұятсыздық қой! Қайда барсам да соңымнан бір адым қалмай еріп отырады, қолында фотоаппараты бар! Масқара! Енді маған жетпегені — соңымнан тыңшы мен барлаушылардың еруі ғана! — Ол сенің соңыңнан жүрген жоқ. — Енді кімнің? —Объектінің. Кәдімгі көркем шығармаға арқау болар объектінің. Сен Бағила Қаратаевна да, тарих факультетінің студенті де, газеттерде күнде сыналатын жазушының азапты махаббаты да емес, жай ғана объектісің. Сен оған портрет жасау үшін материал ғанасың. Бар болғаны осы. —Рахмет. — Қыз намыстан сәл абыржып, қорланған пішінде басын

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421