Бәлкім, мен де сізге объект үшін керек шығармын? Шығармаңыз жазылып біткен соң қажетім болмас. —Мүмкін. Жазушылық практикада құнды материалдың өзі қажет болмай қалады. Керісінше, елеусіз, ұсақ материалдар шешуші роль атқарып кетеді. Бағила үшін әлгіндей ызалы да маңызды сұраққа Жасынның жайбарақат немқұрайды жауап беріп отырғаны оның ашу-ызасын оятты. —Шығарма үшін жарамсыз боп қалғанымды күткенше, мен өз еркіммен кетейін. Меніңше, сол құндылау шығар деп ойлаймын. —Қорықпа, мен махаббат жайлы, сұлу қыз жайлы шығарма жазбаймын. Маған объекті болуға сен жарамайсың. Менің шығармаларыма ажарсыз, арық қыздар керек. Олар ойшыл болады. Бағила бұл сөздерге ашуланарын да, ашуланбасын да, тіпті, мән бермей қоя саларын да білмей, екі ұшты ой толқынының ортасында үнсіз отырып қалды. —Білесіз бе, — деді әлден соң Бағила дауысының дірілдегенін жасыра алмай. — Сіз жер деп аталатын үлкен қазандағы мұз сияқтысыз. Бір жағы жылы, бір жағы аяз. Жасын мына теңеуге елең етіп, оған назарын тіктеп қарады да, селкілдей күлді. — Тамаша! Бірақ, мен еріп кетпеймін бе? —Ерімейсіз. Құданың құдіретімен еріп бітпейтін боп жаралғансыз! — Ол ызадан әлі айыға алмай, Жасынды табалап отырған адамша даусын таптай сөйледі. — Сонан соң, құдай үшін, ана жігітке айтыңыз, портретті үйге жібермесін. Жасын мырс ете түсті. —Таза өнер жайлы түсінігің әлі тар екен ғой, — деді ол темекі түтінін будақтатып отырып. — Байқауымша, бұл портрет оның творчестволық бір белесі болмақ, демек, ол сіздің үйіңіз түгілі көрмелердің өзіне тілхат арқылы қойылады. Үйге жібермесін! — Ол тағы күлді. — «Вильям Шекспирді енді қайтып қонаққа шақырмаспын!» Бүгінгі таңдағы бір әйел солай сөйлеп отырса қандай болар еді?! — Ол… Өткен жолы үйге жіберді ғой! — деді қыз ызадан булыға сөйлеп. — Иә. Бірақ ол эскиз болатын. Соны да аңғармадыңдар ма? Қыз орнынан тез тұрып, лоджияға шығып кетті. Жасын оның қорланып, ашуланып шыққанын білді. Оның соңынан лып етіп жетіп баруды жеңілтектік санап, өз сабасына қайта түсу үшін араға уақыт сала тұрғанды жөн көрді. Бірақ, қыз көп кешікті. Лоджияның жақтауына сүйеніп, оның қимылсыз тұрғанын байқады. «Бұл жолы шынымен ренжіген болуы керек. Бармаса болмайды». Жасын жайлап басып оның қасына жақындады. Қыз оның бар-жоғын ұмытқандай көшедегі қыдырып жүрген адамдарға, мұз сүңгілердей түп-түзу аспанға атылып жатқан фонтандарға тесіле қарап, қимылсыз тұр екен. Ол өзінің келгенін, сол келісімен кешірім өтінгенін білдіргісі кеп, тамағын кенеп қойды. Сонда да бұрылған жоқ. Жасын оның жылап тұрғанын сезді. Жақтауға шынтағын сүйеп, қыз жүзіне ұрлана бір қарағанда, көшедегі самсаған шам сәулесінен көзіндегі жылт-жылт етіп төңіректеген жасты көрді. —Әйелге, жылаған да жарасады, — деді Жасын монолог оқып тұрғандай көшенің арғы бетіндегі скверге
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421