Қ А Р Ғ Ы Н

Ол одан жанын тазартады, әйелдің әйел екенін танытады. Мен жыламайтын, жылай білмейтін әйелдерден қорқамын, олар арамдық пен жауыздыққа жақын. Білесің бе, қазір дүние жүзі әйелдерінің алдында әйел бола білу мәселесі басты проблемаға айналды! — Ол сәл ғана жымиып Бағилаға қарап еді, ол кілт бұрылып бөлмеге кіріп кетті. Жасын бойын шымырлатқан ыңғайсыз жағдайда бір минуттай үнсіз тұрды да, ішке қайта енді. Бағила креслоға бетін басып, кәдімгідей иығы селкілдеп жылап отыр екен. Жасынның бөлмеге енгенін аяқ дыбысынан сезіп, орнынан ұшып тұрып, креслоның арқалығында жатқан кофтасын қолына алды. —Мен білмеймін, ештеңе де білмеймін! Көп білудің маған қажеті де жоқ! — деді ол ызаға булығып. —Дұрыс айтасың, — деп Жасын оны жайбарақат қостай сөйледі. — Әйелдердің көп білгені бақытына сор. Аз білген адам жақсы өмір сүреді. Түк білмейтін мақау болсаң — одан кереметі жоқ. Бұл әйелге де, еркекке де ортақ нәрсе. «Ойлы адамға қызық жоқ бұл жалғанда». Сен қазір жылап тұрсың, Абай өткен ғасырда жылаған. —Сіз мейірімсіз адамсыз! Бәріне жауабыңыз дайын! Жүрегіңізде аяушылық деген жоқ! —Мен шындыққа батыл қараймын, бар болғаны сол ғана. Бұдан кейін көп біле беруге тырыспа. Көп білсең достарыңнан да айырылып қаласың. Өзінен асқан адамды жақсы көре бермейді. Осы күйіңше қал. Бағила қол сумкасынан орамалын алып, көзін сүртті. —Мені сізбен таныстырған қай тағдыр! — деді ол ашулы дауысына болмашы наз араластырып. — Екі сөзіңіздің бірі қорлау, кемсіту, намысқа тию, ақырында міне, жылату. Сіз менен он екі жас үлкенсіз. Менімен қатарыңыздай, жауыңыздай сөйлейсіз. Он екі жас үлкен, үйленген, бала-шағасы бар, өмірдің ащы-тұщысын талай татқан! Енді кеп, мен сол адаммен!.. — Ол ар жағын айтқысы келмей, көз жасына тығылған адамша мұрнын жиірек тартып, тоқтап қалды. —Сен қайтқалы тұрсың ба? —Иә… Кетуден басқа ештеңе қалған жоқ. — Ол орамалын орнына мұқият салып, сумкасының аузын қаттырақ басып шырт еткізіп жапты да, үстіне кофтасын киді. Оны да қасақана асығыс киді. Ол Жасынның әлдене деуін күтіп, түймелерін баяу қадады. Бірақ, Жасын көңіл жұбатып, оны кідірте тұратын сөз айтудың орнына: —Сау болыңыз, — деді де сигарет тұтатып, ашық терезе алдына барып, сыртқа бетін бұрды. — Біз енді кездеспейміз бе? —Мүмкін. Қажет болса жер асты арқылы сөйлесеміз ғой. Телефонмен, кабельдері арқылы. —Осымен бәрінің біткені ме? Осылайша оп-оңай! Және не үшін? Жоқ, мені бір желімдей жабысып тұр екен деп ойлап қалмаңыз. Мен үш жылға созылған ойларым мен шартарапқа шарпыған қиялдарымды, ұмытылмас сәттерім мен азапқа да түскен шақтарымды қия алмай тұрмын. Маған сол қымбат, сол өкінішті. Сізге бәрібір… сіз, — оның даусы тағы үзіліп шықты, Сіз тағы басқа қызбен

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421