Қ А Р Ғ Ы Н

шыққандарын, өзінің оп-оңай оқуға түсе салғанын, студенттердің тізімін оқып тұрған қыздың өз фамилиясын таппағанда қорланып жылап жібергенін, тәмпіш қара қыздың тарихтан екі алып қалса да студент болғанын, Сәргелдің ғылыми жолын, тіпті қарсы алдында өзімен сөйлесіп отырған Мәликенің сырты бүтін, іші түтін өмірін, Жасын творчествосын тас-талқан қылған соңғы мақалалар, бәрі-бәрі дәл қазір топырлап кеп есіне түсіп өтті. Өзі осылай ойлап отырса да, аузын ашқанда мүлде басқа сөз айтты. —Иә, сіз дұрыс айтатын болуыңыз керек, — деді ауладағы бассейн жанында бір-бірінің үстіне ойыншық шелектермен сарылдатып су құйып тұрған екі кішкене баладан көз алмай отырып. — Мен ол жігітті ұмыта алмайтын сияқтымын, ал оның жолы… мүлде басқа. —Сур, — деді Мәлике оған назар тоқтата қарап. — Жасынның ерекше адам екенін білем, ол сенікі емес. Сондықтан, ауыр болса да айтайын, сенің оны ұмытқаның жөн. Ерте ме, кеш пе, бәрібір ұмытуыңа тура келеді. Жазғы каникулыңда алыс бір жаққа кет. Мәселен, Қара теңізге, немесе Бурабайға. Жалғызсыраймын десең мен де бірге барайын. Бұл Бағиланың Мәликеден мүлде күтпеген сөзі еді. Және, бұл сөздерді ол бұрынғы өз мінезіне мүлде жат, мүлде беймағлұм сабырлы кейіппен айтуы оны барынша таң қалдырып, жүрегін мұз саусақпен шымшылап өткендей болды. Бұрын Жасын екеуінің жолында жанын құрбан етуге дайын боп көрінетін елгезек те, ақ жарқын Мәликенің екі-үш күннің ішінде күрт өзгеріп, Жасынды қалай ұмытудың жолдарын айтып отырғанына тағы түсіне алмады. «Бәлкім, мен ақыл сұрағандай болған соң амалсыз ойлап тапқан шарасы шығар? Жасын мен екеуміздің арамыздағы оқиға бұдан ары жалғаса берсе тұйыққа кеп тірелерін, тірелгенімен тұрмай әуелі мұнда, сонан соң елдегі әке-шешесіне белгілі боп, оларды да ұятқа қалдырарын сезген болар. Мұнан әрі не боларын білмей өзім де күйзеліп жүрген жоқпын ба? Оны ұмытқан да жөн шығар? Әрі кешегі оқиғадан соң оны ұмытуға да қақым бар ғой!» —Онан соң… жақында жазғы сессияларың басталады. Сен бұл жаққа оқу үшін келгеніңді ұмытпа, — деді басы толған шудың арасынан Мәликенің даусы бөлек естіліп. — Сенің тағдырыңа біз Қаратайдың алдында жауаптымыз. —Иә, иә, солай! Жақында сессия… — Мұны айтқан кезде Бағиланың көзіне жас төңіректеп үлгірген еді. Оның даусының үзіліп шыққанын, көзіне жас алғанын анық сезсе де, Мәлике басын жоғары көтермеді. Тап бір күні ертең қар жауардай, ал баласы осы күртешенің бітуін ғана күтіп үйінде жалаңаш отырғандай тоқуын бұрынғысынан да жылдамдата түсті. Бағила оның қимылы мен бет-жүзінен айрықша бір ішкі толқынысты аңғарып, бірақ, одан сыр бергісі келмей отырған Мәликеге ызаланып, айғайлап жібере жаздады. —Лике, не болған сізге? Маған айтпайтын қандай жасырын сырыңыз бар еді! Тоқтатыңызшы тоқығанды, құдай үшін! Курортта не

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421