Қ А Р Ғ Ы Н

барлық әрекеті мен сабырлы сөздері Бағиланың ызасына тиіп отырғанын енді ғана аңғарған адамдай, Мәлике лыпылдап отырған саусақтарын оқыс тоқтатты да: —Сэр бір нәрсені бүлдіргелі жүр, — деді шарасы таусылғандай ақырын сөйлеп. — Ол Жасынмен сөйлеспекші. Бұл ол жігіттей нәзік дипломатия мен биік мәдениетті меңгерген дейсің бе, кеңірдегінен тобық жүгіріп, көзі үкінің көзіндей боп жетіп барғанда қырсығына тиіп, бүкіл қала есітер дауға айналып кете ме деп қорқам. Жасынның әйелі бұл жайды есітсе не болмақ? Және көлденең біреуден емес, қыздың немере ағасынан! Мәликеден естіген бұл хабар, шынында, жас қызды қатты шошындырды. Ақырамаштың суық торғайларындай дүр етіп жүрегіне қонақтаған үрей оның Мәликеге деген ашу-ызасы мен қонақ үйдегі оқиғаның әлі табы қайтпаған іш құсалығын лездің арасында бәсеңсітіп тастады. Ол нақтылап келгенде неден қорыққанын, нені көз алдына елестетіп шошынғанын білген жоқ, әйтсе де, кеудесін сұмдық жайлады. Өз өмірі мен Жасынның өмірі қыл үстінде тұрғандай көрінді және өз жағдайынан гөрі Жасынның жағдайы жанына қаттырақ бататын секілді. Бағила бұл оқиғаның мәңгі құпия боп қалмасын, ерте ме, кеш пе, әйтеуір бір кезде, бір қолайлы сәт тауып, бәрін-бәрін әкесі мен шешесіне сыр ғып ақтарарын, ақтарғанда, қайғысын таратқандай емес, бір адамның кеудесіне көптік етердей бай сезімдерін қуана отырып, мақтана отырып ақтармақ еді. Енді соның бәрі табан астында астаң-кестең боп, бәрінің күтпеген жерден кесірлі бағыт алып кеткелі тұрғаны қызды әрі қатты қорқытып, әрі дағдартып кетті. —Жоқ, олай болуы мүмкін емес, — деді ол дірілдеп. — Ол кісілікке жатпайды. Мен мұны кешіре алмаймын! — Сонда не істемексің? — Кетем! Басқа қалаға! Басқа институтқа! —Ақымақ болма, — деді Мәлике зекіп. — Бұл жақтағы сөз ол қалаға сенімен бірге, немесе, сенен бұрын жетеді. Және Қаратай мен бізге таңба тастап кетесің. —Енді не істеу керек? —Сэрге өзім түсіндіріп айтам. Бәрі жай сөз деймін. Жазда екеуміз Қара теңізге кетеміз. Бәлкім, шынымен оны ұмытарсың. Солай ма? Қыз оған тесіле қарап ұзақ тұрды да, бетін басып солқылдап жылап жіберді. * * * Сол күні кешке Сәргел үйге ерекше көңілді кірді. Басқыштармен көтерілгенде ыңылдатып әндетіп, есік ашқан әйеліне өмірінде байқалмаған мінез көрсетіп иіліп тұрып гүл ұсынды. —Бүгін екеуміздің қосылған күніміз, есіңде ме? — деді ол жаз ішінде де басынан тастамайтын терсіңді шляпасын киім ілгіштің жоғарғы полкасына қойып жатып. —О-о, рахмет! — деді Мәлике Сәргелдің ең әдемі гладиолустарды таңдап әкелгеніне шын қуанып. Дәл қазір ол күйеуінің гүл сыйлағанына қуанып тұрғаннан гөрі, гүлдің әдемілігіне сүйсінуі басым еді. — Сэр, сен гүл мен сыпырғының арасында қаншалықты айырма барын біле бермеуші едің ғой, қалай таңдадың? —Ер адам — таусылмайтын қазына. Қаза

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421